Accessibility links

Жаңаөзен оқиғасынан соң 164-бап бойынша «айыптылар» табыла бастады


«Әлеуметтік араздықты қоздырды» деп айыпталған азаматтар - белсенді Айжангүл Әмірова және режиссер Болат Атабаев. Алматы, 7 маусым 2011 жыл.
«Әлеуметтік араздықты қоздырды» деп айыпталған азаматтар - белсенді Айжангүл Әмірова және режиссер Болат Атабаев. Алматы, 7 маусым 2011 жыл.

Қазақстанда қылмыстық кодекстің 164-бабы 3-бөлімі бойынша «әлеуметтік араздықты қоздырды» деп айыпталған адамдар көбейе бастады. Бұл бап бойынша сотталған азамат үш жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылады.


Жаңаөзен оқиғасынан бері 164-баптың 3-бөлімі бойынша бес адамға «әлеуметтік араздықты қоздырды» деген айып тағылды.

Олар – тіркелмеген «Алға» партиясының жетекшісі Владимир Козлов, «Халық майданы» қозғалысының белсенділері Айжангүл Әмірова мен Серік Сапарғали, «Рух пен тіл» ұйымының белсендісі Жанболат Мамай, театр режиссері Болат Атабаев.

«КӨЗҚАРАСТАРЫ БИЛІКТЕН ӨЗГЕШЕ»

Ақын Темірхан Медетбек «қылмыстық кодекстегі 164-баптың қолдануын түсінбейтінін» айтады.

– Болат Атабаев та, басқа қамалғандар да негізінен адамдарды қорғады. Зорлық-зомбылыққа түскен, атылғандарды. Халықты қуып жүріп атқанын барлығымыз көрдік қой. Олар тек билікпен арадағы көпір болғысы келді, – деді ол ақпанның 3-і күні Азаттық тілшісіне.

Темірхан Медетбек қамауға алынған және айыпталған адамдар әр салада жүрген азаматтар екенін айтады.

«Бірақ оларды біріктіретін бір ғана нәрсе – көзқарастары биліктен өзгеше» дейді ақын..

– Билік өзгеше ойлайтын адамдардың барлығын қыспаққа алады. Пікірлері «дұрыс» келмейтін адамдардың барлығы билікке жау, дұшпан сияқты, – деді Темірхан Медетбек.

Оның пікірінше, «бұл әрекеттер көпшілікті қорқыту үшін жасалып жатыр».
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:44 0:00
Жүктеп алу

«КІНӘСІН ЖАСЫРУ АМАЛЫ»

Ал оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышәлин «қазақ билігі 164-бапты өз ыңғайына пайдаланып отыр» дейді.

– Бүкіл қиындықтарды, проблемаларды тудырып, сол арқылы араздықты қоздырып
«Әлеуметтік араздықты қоздырды» деп айыпталған белсенді Серік Сапарғали. Алматы, 9 қаңтар 2012 жыл.
«Әлеуметтік араздықты қоздырды» деп айыпталған белсенді Серік Сапарғали. Алматы, 9 қаңтар 2012 жыл.
отырған – биліктің өзі. Назарбаев бастаған билік Қазақстанда Алла бұйыртқан байлықтың ортасында отырған халықты қайыршылық күйге түсірді.

Халықты қарапайым адами, конституциялық құқықтары үшін күресуге мәжбүр етіп, араздықты қоздырып отырған – билік.

Бірақ өздерінің кінәсін жасыру амалы ретінде осы бапты пайдаланып отыр, – деді саясаткер.
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:37 0:00
Жүктеп алу

«ЗАҢ АЛДЫНДА БӘРІ БІРДЕЙ»

Ал парламент мәжілісінің депутаты, заң және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Рамазан Сәрпеков «заңның алдында барлық азамат бірдей» екенін айтты.

Сондықтан «күш құрылымдары айыпталғандардың іс-әрекетінен әлеуметтік
«Әлеуметтік араздықты қоздырды» деп айыпталған саясаткер Владимир Козлов. Алматы, 19 қаңтар 2011 жыл.
«Әлеуметтік араздықты қоздырды» деп айыпталған саясаткер Владимир Козлов. Алматы, 19 қаңтар 2011 жыл.
алауыздықты қоздыртатындай әрекет байқаса, жауап беруі тиіс» дейді депутат.

– Бүгінгі күнге тергеу органдарының істеп отырған әрекеті заңнан алшақтап кетті деп айтатын негіз жоқ. Жалпы, кім болсын, тіпті сондай әрекетке мен баратын болсам, мені де қылмыстық жауапқа тартуға құқылары бар. Ал бірақ ол заңды ма заңсыз ба – оны ертең сот шешеді, – деді Рамазан Сәрпеков.
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:18 0:00
Жүктеп алу

«ҚОЛАЙЛЫ» БАП

Ал саясаттанушы Досым Сәтпаев Қазақстанда заң мен оның қолданылуы көп әңгімеге өзек болатынын айтады.

– Тәжірибе көрсеткендей, егер бізде «ұлттық қауіпсіздік туралы» әңгіме болса, ол – ел азаматтарының немесе қоғамның қауіпсіздігі емес – алдымен басқарушы тұлғалардың қауіпсіздігі деген сөз. Дәл сол сияқты, қылмыстық кодекстегі бапты
«Әлеуметтік араздықты қоздырды» деп айыпталған белсенді Жанболат Мамай. Ақтау, 26 тамыз 2011 жыл.
«Әлеуметтік араздықты қоздырды» деп айыпталған белсенді Жанболат Мамай. Ақтау, 26 тамыз 2011 жыл.
пайдаланып, саяси жүйенің жекелеген тұлғаларын қорғау қажет болса, бұл мүмкіндік міндетті түрде пайдаланылады, – деді Досым Сәтпаев.

Оның сөзінше, елдегі әлеуметтік жағдай мәз емес, сондықтан қоғам бай мен кедейге бөлінеді.

- Яғни қазіргі қалыптасқан жағдайда биліктің де кінәсі бар, - дейді Досым Сәтпаев.
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:40 0:00
Жүктеп алу

Ал Қазақстанның коммунистік халық партиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы әрі мәжіліс депутаты Владислав Косарев:

– Бұл бап негізінде әлеуметтік әділеттік үшін жасалған әр істі «әлеуметтік араздықты қоздыру» деп бағалауға болады. Құқық қорғау орындары оны оңды-солды қолданбағанда, ол бап байқалмас та еді, – деді.
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:14 0:00
Жүктеп алу
XS
SM
MD
LG