Accessibility links

Оппозиция Медведевпен кездесуден бас тартты


Сергей Удальцов пен Борис Немцов Мәскеудегі митингіде сөз сөйлеп тұр. Мәскеу, 24 наурыз 2012 жыл.
Сергей Удальцов пен Борис Немцов Мәскеудегі митингіде сөз сөйлеп тұр. Мәскеу, 24 наурыз 2012 жыл.
Ресейде оппозициялық "Солшыл майдан" қозғалысының жетекшісі Сергей Удальцов дүйсенбіде президент Дмитрий Медведевпен болатын кездесуге қатысудан бас тартты.

Удальцовтың айтуынша, ол кездесуге қатысып, өзінің саяси реформалары жайында айтуды жоспарлаған. Бірақ кездесу сырт көз үшін ғана өткізілетінін және форматы пікірталас түрінде болмайтынын естіп, одан бас тартқан.

Сергей Удальцов халық еркіндігі партиясының (ПАРНАС) төрағалары Борис Немцов пен Владимир Рыжковтың Медведевпен бұған дейін болған кездесуіне қатысқан болатын.

Бұл жолғы кездесуге қатысудан ПАРНАС та бас тартты.
XS
SM
MD
LG