ҚазАқпарат агенттігі дүйсенбіде "Қазақстан халық банкінің" сәуірдің 15-і Қытайдың JPMOrgan Chase Bank Co. Ltd. Shanghai Branch банкінде ашылған корреспонденттік шот арқылы юаньмен есеп айырысуды бастағанын хабарлады.
Юань арқылы тауарлар мен қызметтер үшін ақша аударымдарын және шот бойынша басқа да операцияларды жасауға болады. Операцияларды JPMorgan Chase Bank-тің Қытайдағы жеті өңірлік бөлімшесі - Шандун, Гуанчжоу, Харбин, Тяньцзин, Шанхай және Гонконгта компаниялармен жүргізуге болады.
Халық банкінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қытайға юаньмен төлем жіберу үшін тұтынушы немесе заңды тұлға Mainland Designated Enterprise тізімінде болуы тиіс. Яғни, Қытайдан тысқары жерлерден юаньмен төлем алуға Қытай ұлттық банкінің рұқсатын алуы қажет.
JPMorgan Chase Bank (China) Co. Ltd. Shanghai Branch - JPMorgan Chase & Co. банкінің шанхайлық бөлімшесі. Оның активтерінің құны 2 триллион 3 миллиард АҚШ долларын құрайды. Банктің шанхайлық бөлімшесі - әлемнің 60-тан астам елінде қызмет жүргізетін әлемдік қаржы корпорацияларының бірі. Корпорация қызметін негізінен әлемнің жетекші компаниялары мен мемлекеттік институттар пайдаланады.