Accessibility links

Компания ереуілді тоқтатуға шақырды


Қытайлық Sinopec Engineering компаниясының мердігері "Евразия строй капитал 2007" жұмысшылары наразылық білдіріп тұр. Атырау, Балықшы ықшам ауданы, 3 мамыр 2012 жыл.
Қытайлық Sinopec Engineering компаниясының мердігері "Евразия строй капитал 2007" жұмысшылары наразылық білдіріп тұр. Атырау, Балықшы ықшам ауданы, 3 мамыр 2012 жыл.

Жұма күні Атыраудағы қытайлық Sinopec Engineering компаниясының мердігері "Евразия строй капитал 2007" компаниясының ереуілдеп жатқан жұмысшыларын қос компания басшылары жұмысқа шығуға шақырды. Бірақ жұмысшылар талаптарының орындалатынын жазбаша түрде растауды талап етіп, көнбей отыр.


Жұмысшылармен кездесуге "Евразия строй капитал 2007" компаниясы директоры Чжин Фу Цзы мен оның орынбасары Алтай Томақаев, бухгалтері Әлия Жалғасова және Sinopes Engineering компаниясы директорының кеңесшісі Жалғас Дүкенбаев келген.

Кездесуде жұмысшылар зейнетақы қорларына тиісті төлемдердің аударылмай жатқанын айтып, жалақыны көбейтуді, жұмыс жағдайын жақсартуды, мереке күндері және түнгі ауысымда істеген жұмыстары үшін қосымша ақы төлеуді талап еткен.

Кездесуге қатысқан Азаттық тілшісінің айтуынша, компания басшылары жұмысшылардың талаптарына құлақ асатындарын айтып, оларды жұмысқа шығуға шақырған.

- Бірақ жұмысшылар талаптарының орындалатынын жазбаша түрде растауды талап етіп, көнбей қойды. Бухгалтер Жалғасова жұмысшылардың зейнетақы қорына неліктен бір жылдан бері ақша аударылмай жатқанына нақты жауап бере алмады, - дейді тілші.
Қытайлық Sinopec Engineering компаниясының мердігері "Евразия строй капитал 2007" жұмысшылары наразылық білдіріп тұр. Атырау, Балықшы ықшам ауданы, 3 мамыр 2012 жыл.
Қытайлық Sinopec Engineering компаниясының мердігері "Евразия строй капитал 2007" жұмысшылары наразылық білдіріп тұр. Атырау, Балықшы ықшам ауданы, 3 мамыр 2012 жыл.

Іле-шала Sinopec Engineering-тің Қазақстандағы өкілдігі мәлімдеме таратып, қазақстандық жұмысшылардың жалақысы сыйақы, және қосымша уақыт істеген жұмыстарының ақысымен қоса есептегенде 90 мың мен 140 мың теңге аралығында, ал қытайлық жұмысшылардың жалақысы 160 мың теңге екенін айтты.

Жұмысшылардың басқа да талаптары орынсыз екенін хабарлаған Sinopec-тің Қазақстандағы филиалы мәлімдеме соңында "Евразия строй капитал 2007" компаниясына 5 мамырға дейін жұмысшылар мәселесін шешуді міндеттеген.

Азаттық радиосы "Евразия строй капитал 2007" компаниясының жұмысшылары 2 мамырда жалақы мәселесі, еңбек дауын шешуді талап етіп, жұмысты тоқтатқанын хабарлаған болатын.
XS
SM
MD
LG