Сирияның Ұлыбритания астанасындағы ресми өкілдігінің басшысы Халид әл-Аюби оппозиция қатарына қосылды. Дипломат ресми Дамаск жүргізіп отырған "зорлық-зомбылық пен репрессиялық" саясатқа наразы екенін білдіріп, бұдан былай Башар Асадтың режиміне қызмет еткісі келмейтіндігін мәлімдеді.
2011 жылдан бері дипломатиялық қызметте болған Халид әл-Аюби 2003 жылдан 2008 жылға дейін Сирияның Грекиядағы консулы қызметін атқарды.
Бұған дейін осы шілде айында Сирия республикалық гвардиясының бұрынғы басшысы бригада генералы Манаф Тлас, Сирия парламентінің депутаты Ихлас әл-Бадауи президент Башар Асадтың билігімен ат құйрығын кесісіп, шетелге кеткендерін мәлімдеген еді.