Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
AzattyqTV
Жазушының үйі
28 қыркүйек 2012 жыл, 09:24
1949 жылы мемлекеттік сыйлыққа ие болған жазушы Мұхтар Әуезов екі мұғалімнен жер телімін сатып алып, 1951 жылы үй тұрғызған. Үйдің бірінші қабатында үш бөлме, екінші қабатында төрт бөлме бар. Фотогалереяны көріңіз.
1
Мұхтар Әуезов мұражай-үйінің сыртқы көрінісі.
2
Бұл үйде Мұхтар Әуезов зайыбы Валентина Николаевна, ұлы Ернар, қызы Ләйла және қарындасы Үмиямен бірге 10 жыл тұрды.
3
Үйді архитектор Георгий Герасимов жобалаған. Суретте: Әуезов үйінің дәлізі.
4
Әуезов үйінің ауласындағы қора-қопсы, гараждың орнында қазір мұражай әкімдігі мен көрме ғимараты орналасқан.
5
Мына демалыс бөлмесінде Мұхтар Омарханұлы үзеңгілес дос-жарандарымен бірге шахмат ойнап, күйсандықпен ән айтқан.
6
Қонақ бөлмесі «Москва-Рига» жиһазымен жабдықталған. Музей қызметкерлерінің айтуынша, бөлмедегі жазылмалы үстелге отыз адам сыяды.
7
Үйде әртүрлі елдерден әкелінген бұйымдар көп. Мына ағаштан жасалған картинаны Шыңжаң қазақтары Мұхтар Әуезовтің 60 жылдығына сыйлаған.
8
Қазақ суретшісі Әбілхан Қастеевтің жазушыға сыйға тартқан «Медеудегі сырғанақ» картинасы үйдің екінші қабатында ілулі тұр.
9
Иранда 1872 жылы жасалған қола құман Әуез әулетінен осы үйге әкелінген.
10
Жұмыс бөлмесінде Мұхтар Әуезов «Абай жолының» 3-4-томдарын, «Өскен өркен» романының бірінші томын жазып бітірген.
11
Жұмыс бөлмесінде Мұхтар Әуезов «Абай жолының» 3-4-томдарын, «Өскен өркен» романының бірінші томын жазып бітірген.
12
1950-жылдары қуғынға ұшырап, Мәскеуге қашқан Мұхтар Әуезов Мәскеу мемлекеттік универиситетінде «Шығыс фольклоры» пәнінен дәріс оқыды. Елге тырна мен жыланның арпалысы бейнеленген мына мүсінді алып қайтты.
13
Мұхтар Омарханұлының жеке кітапханасында алты мыңнан астам кітап пен журнал бар.
14
Мұхтар Әуезовтің ұлы Ернар Әуезовтің бөлмесіндегі жазу үстелінде «Абай жолының» алғашқы екі кітабы жазылған.
15
«Мынадай радиоқабылдағыштармен тыйым салынған Азаттық радиосын, «Америка дауысын» жасырын тыңдауға болатын», - дейді музей қызметкері.
16
Мұхтар Әуезовтің қызы Ләйланың бөлмесі.
17
Мұхтар Әуезов пен зайыбының жатын бөлмесі.
18
Мұхтар Әуезовтің өзі отырғызған жаңғақ. Галереяны әзірлеуге Әбілқасым Есентаев атсалысты.
Жазушының үйі
Recommended
Түркияда тікұшақ аурухана ғимаратына соғылып, 4 адам қаза болды
XS
SM
MD
LG