Қырғызстанның оңтүстігіндегі Жалал-Абад қаласында жұрт тағы да наразылық акциясына шықты. Куәгерлердің айтуынша, бейбіт жағдайда өтіп жатқан жиынға келген жүздеген адам биліктен оппозициялық «Ата-Жұрт» партиясының парламенттегі фракциясының лидерлері Қамчыбек Ташиевті, Садыр Жапаровты және Талант Мамытовты босатуды талап еткен.
Бүгін белгілі болғанындай, ұсталғандардың біреуі – Талант Мамытов абақтыдан ауруханаға жеткізілген. Оппозиция "оны қамауда ұрып-соққан" дейді.
Қамчыбек Ташиев, Садыр Жапаров және Талант Мамытов билікті күшпен басып алу әрекетіне қатысты тергеу ісі бойынша қамауда жатыр. Бұл іс қазанның 3-і күні Бішкекте болған тәртіпсіздіктерге байланысты қозғалған еді. Сол күні Ташиев ұйымдастырған оппозициялық митингке қатысқан ондаған адам темір қоршаудан асып өтіп, парламентке кіруге әрекет жасаған. Алайда полицейлер көзден жас ағызатын газ және резеңке оқ қолданып, оларды тықсырып тастады. Шеруге шыққандар милицияға қарсы тас жаудырды. Ресми деректер бойынша, бұл оқиға салдарынан 12 адам зардап шеккен.
Жұрт кеше де Жалал-Абадта, Бішкекте жиындар өткізген еді. «Ата-Жұрт» партиясы егер билік ұсталғандарды бостандыққа шығармайтын болса, онда бүкіл ел көлемінде шектеусіз уақытқа наразылық акциясын ұйымдастыратындарын мәлімдеді.
Сәрсенбі күнгі жиынға қатысушылар Канаданың Centerra Gold компаниясы игеріп жатқан Құмтөр алтын кенішін мемлекет меншігіне алу туралы билікке талап айтқан.