Есеп комитеті төрағасының хатшысы мен аппарат жетекшісі Аслан Мусиннің демалыста жүргенін хабарлап, оппозициялық газеттің "шенеунік Еуропаға қашты" деген мәліметін теріске шығарды.
Қазанның 11-і күні Азаттық тілшісі есеп комитетінің қабылдау бөлмесіне телефон шалып, осы ұйымның жетекшісі, Қазақстан президенті әкімшілігінің бұрынғы басшысы Аслан Мусиннің қайда екенін білмек болды. Сонымен бірге тілші оппозициялық "Республика" газетінің "шенеунік Еуропаға қашты" деген мәліметі туралы ақпарат алғысы келді.
Динара есімді хатшы қыз Мусиннің демалыста екенін айтты. Бірақ "Республика" басылымының вебсайтындағы ақпаратқа қатысты пікір білдірген жоқ.
Азаттық тілшісінің өтінуі бойынша, хатшы қыз комитеттің аппарат жетекшісі Виктор Супрунға хабарласты. Сосын Супрунға сілтеме жасап, Аслан Мусиннің президент әкімшілігінің келісімі бойынша демалыста екенін, «Республика» сайтында жарияланған "оның қашуына" қатысты мәлімет шындыққа жанаспайтынын жеткізді.
Мусиннің "президент әкімшілігінің келісімі бойынша демалыста екені" туралы мәліметті тексерудің реті келмеді. Өйткені президент әкімшілігі мен баспасөз қызметінен мәлімет беретін бір де бір адам табылмады.
Оппозициялық «Республика» газетінің сайтында қазанның 11-і күні "Мусин Қазақстаннан Еуропаға қашып кетті" ("Мусин сбежал из Казахстана в Европу") атты мақала басылды. Онда «соңғы ауыс-түйіс кезінде есеп комитетінің төрағасы болып тағайындалған президент әкімшілігінің бұрынғы жетекшісі Аслан Мусин Қазақстаннан кетіп, қазір Еуропада жүр" деп жазылған.
Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ілияс Омаров Азаттық радиосы тілшісінің "Мусин Қазақстаннан сыртқа шығып кетті ме, қазір Еуропада ма?" деген сұрағына бұл туралы білмейтінін айтып жауап берді. Өкіл бұл мәліметті тексеріп көретінін жеткізді. Ілияс Омаров Аслан Мусиннің шекараны кесіп өткен-өтпегені туралы ұлттық қауіпсіздік комитетінен анықтауды өтінді.
Ал шекара қызметінің жедел кезекшісі Азаттық тілшісінің сұрағына жауап беруден бас тартып, сауалды жазбаша түрде жолдауды сұрады.
Ықпалды саясаткер саналып келген Аслан Мусин бір айдай бұрын Қазақстан президенті әкімшілігінің жетекшісі қызметінен босатылып, есеп комитетінің төрағасы болып тағайындалған еді. Бұл мекеме мемлекеттік бюджетті бақылап отырады.
Тамыздың 15-і күні Аслан Мусинге жақын саналатын Бергей Рысқалиев Атырау облысының әкімі қызметінен алынған еді. Оның інісі Аманжан Рысқали парламент депутаты мәртебесінен айырылып, оған жемқорлыққа қатысты қылмыстық іс қозғалып, іздеу салынған болатын. Ағайынды Рысқалиевтердің қайда екені туралы ресми ақпарат әлі жоқ.

Аслан Мусин президент әкімшілігінің келісімі бойынша демалыста, ал «Республика» сайтында жарияланған "оның қашуына" қатысты мәлімет шындыққа жанаспайды.Есеп комитетінің жауабы