Қашағанның мұнайы келесі жылдың сәуірінде игеріле бастайды деп хабарлады мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаевқа сілтеме жасаған ҚазАқпарат агенттігі.
Мыңбаев бұл туралы бүгін сенатта «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын талқылау барысында мәлім етті.
"Біздің жоспарымызға сәйкес, Қашағанның алғашқы мұнайы маусым айынан ертерек, сәуір айына қарай өндіріледі. Өндірілетін мұнай көлемі жылына 13 миллион тоннаға жетеді» деді министр.
Ал қазан айының басында Kazenergy ассоциациясының төрағасы Тимур Құлыбаев Қашағанның мұнайы 2013 жылдың наурыз айында өндіріле бастайтынын айтқан еді.