Қарашаның 20-сы күні Астанадағы жуырда ғана пайдалануға берілген оқушылар үйінде президент Нұрсұлтан Назарбаевқа байланысты екі шараның қорытындысы өтті.
Оның біріншісі – «Елбасына тілек» атты балалар шығармашылығы байқауы, екіншісі – «Мектеп оқушыларының көшбасшысы» байқауы
«ЕЛБАСЫНА, ОТАНҒА ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІК»
«Елбасына тілек» балалар шығармашылық байқауына Астана қаласындағы балабақшалардың балалары, мектептердің, техникалық және кәсіптік білім беру училищелерінің оқушылары қатысты. Байқауға 400-ден астам жұмыс түскен.
Астанадағы 1-өнер мектебінің тәрбие жөніндегі орынбасары Эльмира Алтынбаеваның айтуынша, 1-20 қараша аралығында өткен бұл байқау екі номинацияға (7-13 жас, 13 жастан жоғары) бөлінген.
– Бұл байқаудың мақсаты – балалардың елбасына, отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, шығармашылық қабілеттерін арттыру, жалпы мәдениетті көтеру, – деді ол.
66-мектептің 9-сынып оқушысы Райымбек Болатов бұл байқауға акварельді бояумен салынған Астана туралы сурет әкелген екен.
– Суретім «Астана» деп аталады. Үш күн салдым. Көлемі А3 форматындай. Орташа бағалады. Маған, сынып жетекшіме диплом берді, – деді оқушы.
«ЕЛБАСЫ ДЕГЕН БАЛА АТЫ БАР ЕКЕНІН БІЛМЕДІК»
Астанадағы оқушылар үйінде өтіп жатқан екінші байқау – «Мектеп оқушыларының көшбасшысы» сайысы.
Бұған дейін мұндай сайыс әрбір мектепте өткен еді. Оған 10 және 11-сынып оқушылары қатысқан. Өз мектебінде озған оқушы тұңғыш рет өткізілген қалалық байқауға жолдама алған. Мұндай оқушылардың саны 70 болған. Бірінші турда оқушылар эссе жазып, гуманитарлық пәндер бойынша тест тапсырыпты. Одан кейін іріктеліп, келесі кезеңге 30 оқушы өткен. Ал ақтық сынға 20 оқушы жолдама алған.
Бүгінгі сайыста сол 20 оқушы «Бәйге», «Тарихтағы тұлғалар», «Тағы... тағы... тағы» және «Берілген тақырып бойынша спич» деген төрт кезең бойынша білімдерін сынады. Сауалдар президент Назарбаевтың туған жері, білім алған мектебі, қызметі және «жеті атасындағы ірі тұлғалар» туралы болды.
Бұл жарысқа есімін Қазақстан президентінің құрметіне орайластырып қойған бала, 50-мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Елбасы Бекмат та қатысты.
– 1995 жылы Нұрсұлтан Әбішұлы сайлауға түсіп жатқан кезде мен туыппын. Сонда Бәйдібек ауданынан менің атама келіп ұсыныс жасаған: «Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлындай кемеңгер, саясаткер, ұлы тұлға болсын, атын Елбасы қояйық» депті. Содан атам Елбасы деп қойған, – деді Елбасы Бекмат есімінің сырын сұраған Азаттық тілшісіне.
Елбасы «өскенде инженер-технолог болғысы келетінін, елбасы сияқты халқына қызмет еткісі келетінін, елбасы болғысы келетінін» айтты.
Ал жарыс аяқталған кезде «елбасы» Нұрсұлтан Назарбаев туралы байқаудың қазылары бұл сайыстың жеңімпазы ретінде осы Елбасы Бекматты атап, оған бас жүлде берді.
– Алған балдарының жоғары болғанына орай [ұпай бердік]. Аты Елбасы болғаны үшін емес. Бұл бала барлық турда өзін жақсы көрсетті. Меніңше, оның 147 балы бар. Өте жоғары көрсеткіш. Әділқазылар есептегенде бірауызды болды, – деді Астана қалалық білім басқармасының бастығы Әсима Бимендина.
Әсима Бимендина «балалардың барлығы бірдей ауқымды сұрақтарға жақсы жауап бергенін», ал қазылар «оқушылардың арасында Елбасы деген аты бар бала бар екенін білмегенін» айтты.
Бұл байқауға қатысқан 20 оқушы желтоқсанның 1-і – «Тұңғыш президент күні» президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, суретке түсу құрметіне ие болады.