Accessibility links

Прокуратура бірнеше оппозициялық ұйым мен басылымға тыйым салуды сұрады


«К-плюс» телеарнасының YouTube видеосынан алынған скриншот.
«К-плюс» телеарнасының YouTube видеосынан алынған скриншот.
Алматы қалалық прокуратурасы соттан тіркелмеген «Алға» партиясы мен «Халық майданы» қоғамдық бірлестігін экстремистік деп тану, «К-плюс», «Взгляд» сияқты бірнеше БАҚ қызметіне тыйым салуды талап етті.

Бас прокуратура бұл туралы ақпаратты қарашаның 21-і күні таратты. Астанада брифингте сөйлеген құзырлы органның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіковтің айтуынша, Алматы қаласының прокуратурасы сотқа "Алға" партиясын, "Халық майданы" қоғамдық қозғалысын және "К-плюс" телеарнасын экстремистік деп танып, қызметіне тыйым салуды сұраған. Бұған қоса кейбір оппозициялық ақпарат құралдарының республика аумағында таратылуын тоқтатуды да ұсынған.

«ЭКСТРЕМИСТІК СИПАТТЫ АНЫҚТАУ»

Бас прокуратура өкілі Нұрдәулет Сүйіндіковтің айтуынша, "Владимир Козловқа қатысты сот үкімі бойынша "Алға" мен "Халық майданы" ұйымдары мен бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) іс-әрекеттерінің экстремистік сипаты бар екені анықталған".
«Stan.tv» интернет бейнепорталының журналисі Жұлдыз Төлеуова Ақтау қалалық прокуратурасында тұр. Ақтау, 26 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
«Stan.tv» интернет бейнепорталының журналисі Жұлдыз Төлеуова Ақтау қалалық прокуратурасында тұр. Ақтау, 26 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

- Сот Жаңаөзенде "Алға" мен "Халық майданы" мүшелерінің мұнайшылар арасында таратқан үнпарақтары мен басқа да баспа өнімдері, олардың алдында сөйлеген сөздері әлеуметтік араздықты қоздыруға бағытталғанын және билікті күшпен басып алуға шақыратынын анықтады... "К-плюс" телеарнасының бағдарламалары, "Взгляд", "Голос республики" газеттері мен "Голос республики", "Стан-ТВ" интернет-порталдарының жарияланымдары мен басқа да материалдарға жасалған талдауда билікті күшпен басып алу мен мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге үндеу белгілері бар екенін көрсетті. Сот шешімін бірқатар сот сарапшылары растады, - деді бас прокуратура өкілі.

СОТҚА ЖІБЕРІЛГЕН ТАЛАПТАР

Сүйіндіковтің айтуынша, Алматы қаласының прокуратурасы Қазақстанның «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» заңы, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңы және Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес мынандай талаптар қойып, сотқа жүгінген:

- Тіркелмеген «Алға» және «Халық майданы» қоғамдық бірлестіктерін экстремистік деп тану және олардың қызметіне Қазақстан Республикасы аумағында тыйым салу;

- 8 газет пен 23 интернет-ресурсын біртұтас «Республика» бұқаралық ақпарат құралы деп тану және оның шығарылуына, Қазақстан аумағында таратылуына тыйым салу;

- «Взгляд» газетінің және оны қайталайтын интернет-ресурстардың шығарылуына және Қазақстан аумағында таратылуына тыйым салу;
«Взгляд» газетінің бас редакторы Игорь Винявский. Алматы, 30 қыркүйек 2009 жыл.
«Взгляд» газетінің бас редакторы Игорь Винявский. Алматы, 30 қыркүйек 2009 жыл.

- Шетелдік бұқаралық ақпарат құралы - «К-плюс» телеарнасының және оны қайталайтын интернет-ресурстардың өнімдерінің Қазақстан аумағында таратылуына тыйым салу;

- Шетелдік бұқаралық ақпарат құралы - «Stan.tv» интернет бейнепорталының өнімдерінің Қазақстан аумағында таратылуына тыйым салу.

«ТОТАЛИТАРЛЫ МЕМЛЕКЕТКЕ АЙНАЛУ»

Елдегі сөз бостандығын бақылайтын «Әділ сөз» қорының жетекшісі Тамара Калеева Алматы прокуратурасының талабын «елдегі оппозицияны түбімен құрту бағытындағы саяси шешім» деп бағалады.

– Прокуратура өз әрекеті арқылы Қазақстанды тоталитарлы мемлекетке айналдырмақ. Яғни елде оппозициялық БАҚ пен өзгеше ойлайтындар болмауы
«Әділ сөз» қорының жетекшісі Тамара Калеева. Алматы, 19 қараша 2012 жыл.
«Әділ сөз» қорының жетекшісі Тамара Калеева. Алматы, 19 қараша 2012 жыл.
қажет, – деді Тамара Калеева Азаттық тілшісіне.

Оның сөзінше, прокуратура атаған оппозициялық басылым өкілдері «ерте ме кеш пе өздерін жабуға әрекет жасалатынын» сезген.

– Алайда біздің билік оларды жауып, Қазақстанды әлем алдында масқара етпес деп ойлап едім. Бірақ үмітім ақталмады. Прокуратура Козловқа қатысты соттың шешіміне сілтеме жасайды, ал онда тәуелсіз басылымдардың «экстремистік» әрекеті дәлелденген жоқ қой. Ол жерде тек жала жабу мен болжамдар болды, – деді «Әділ сөз» жетекшісі.

Заңгер Сергей Уткиннің пікірінше, «прокуратураның Козловқа қатысты сот үкіміне сілтеме жасауы – заңсыз».

– Аталған ұйымдар мен БАҚ өткен қылмыстық процесстің қатысушылары болған жоқ. Тиісінше олардың қорғануға құқығы болған жоқ. Егер газет өкілінен жауап
Заңгер Сергей Уткин. Алматы, 29 наурыз 2012 жыл.
Заңгер Сергей Уткин. Алматы, 29 наурыз 2012 жыл.
алынып, жан-жақты қаралмаса, сот басылымды қалай «экстремистік» деп тани алады? Екі тарапты бірдей тыңдап алмай, сот ешқандай үкім шығара алмайды, – дейді заңгер Уткин.

Құқық қорғаушы Евгений Жовтис «прокуратураның мәлімдемесіне қатысты бірқатар түсініксіз жайттар бар екенін» айтты.

– Прокуратура бұл ұйымдар мен ақпарат құралдарының экстремистік екенін қайдан алды? Экстремистік деп тану үшін соттың шешімі керек. Соттың шешімі болу үшін сот процессі өтуі керек. Процесс өткенде екі тарап өз позициясын қорғауға мүмкіндік алады. Ал Козловқа қатысты істе аталған ұйымдар мен ақпарат құралдары жауапкер ретінде тартылған жоқ, – дейді Евгений Жовтис.

Ал Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаевтың айтуынша, оппозициялық басылымдар мемлекеттік тіркеуден өткен, сондықтан олардың
Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев. Алматы, 19 қараша 2012 жыл.
Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев. Алматы, 19 қараша 2012 жыл.
қызмет етуіне хақы бар.

- Мен прокуратураның шешімін қолдамаймын. Сот болса, аталған басылымдардың мүдделерін қорғаймыз, - деді Сейітқазы Матаев.

Маңғыстау облыстық соты оппозициялық "Алға" партиясының жетекшісі, Жаңаөзен оқиғасы бойынша істі болған Владимир Козловты қазанның 8-і күні жеті жарым жылға соттап, дүние мүлкін тәркілеуге үкім шығарған. Осы іс бойынша сотқа тартылған саясаткер Серік Сапарғали шартты түрде төрт жылға, мұнайшылар белсендісі Ақжанат Әминов шартты түрде бес жылға сотталған еді.

Қарашаның 9-ы күні Владимир Козловтың апелляциялық шағымын қараған Маңғыстау облыстық апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды.
XS
SM
MD
LG