Маңғыстау облыстық соты қарашаның 19-ы күні тіркелмеген «Алға» партиясының жетекшісі Владимир Козловтың апелляциялық шағымын қанағаттандырмады.
«Әлеуметтік араздықты қоздырды» деп айыпталған саясаткерге 2012 жылы қазанның 8-і күні 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу туралы үкім шыққан еді.
«ӨЗІНІҢ ҚАТЫСУЫ ҚАЖЕТ ЕМЕС»
Сот залында судья Руслан Қабиев, Владимир Козловтың адвокаттары Венера Сарсенбина мен Алексей Плугов және прокурор Әмірғали Жанаев болды. Ал Владимир Козловтың өзі сотқа қатыспады. «Алға» партиясы Twitter арқылы судьяның «оның (Козловтың - ред) қатысуы қажетті емес» дегенін хабарлады.
Сотқа қатысқан құқық қорғаушы Евгений Жовтис Владимир Козловтың сотта болмауын «заңбұзушылық» деп біледі.
- Айыпталушының апелляциялық сотқа қатыспауы – тәжірибеге енгенімен, Қазақстанның қылмыстық-процессуалдық кодексінде сотталушының бірінші инстанция мен апелляциялық сотқа қатысуының міндетті екені көрсетілген. Бұдан өлек, Козлов өзін сотқа қатыстыру туралы өтініш берген. Біздегі ақпарат бойынша, сот тиісті сұрауды тергеу изоляторына жіберген, алайда тергеу изоляторындағылар «соттан ешқандай өтініш келмеді» дейді. Енді судья Козловтың қатысуы «міндетті емес» дегенді айтып отыр, - деді Азаттық тілшісіне құқық қорғаушы.
Евгений Жовтистің айутынша, сотқа осы іске қатысты өзге екі айыпталушы Ақжанат Әминов пен Серік Сапарғалидың да, олардың адвокаттарының да қатыспағаны «біраз жайтты аңғартады».
- Процесте Әминов пен Сапарғалидің өздері де, адвокаттары да болған жоқ. Мұның өзі соттың әу бастан ешнәрсені өзгерткісі келмегенін байқатады. Себебі Козловтың қорғаушылары айыптаушылардың айғақтарын күмәнді дейтін болса, оларды объективті түрде қарастыру үшін осы іске қатысты қалған айыпталушылар да болуы тиіс. Бүгінгіні процесс деп те айту қиын, таза формалды түрде өтті, - дейді Евгений Жовтис.
АСЫРА ПАЙДАЛАНУ
Сотта сөз алған адвокаттардың бірі Алексей Плугов, бірінші соттың бірқатар процессуалдық заңбұзушылыққа жол бергенін айты.
«Алға» партиясы Twitter арқылы «Плуговтың сөзінше, алғашқы сот Козловқа қатысты қолданылған бап бойынша көрсетілген ең үлкен жазаны бір жарым есе ұлғайтып жіберген, Козловтың ісі тек болжамдар мен жорамалдан құралған, сондықтан алғашқы инстанцияның шешімін өзгерту керек» деп жазды.
Плугов «Козловқа айыптау үкімін шығарған судья Бердібек Мырзабеков, Козлов «Мұхтар Әблязовтың құрған қылмыстық тобына кірді» дей отырып, өз қызметін асыра пайдаланды» деген пікір айтты.
Ал «Республика» газеті Twitter арқылы «Судья Мырзабеков өкілеттілігін асыра пайдаланды, өйткені Әблязов ісін Лондон соты қарап жатыр және ол бойынша оның (Әблязовтың) кінәсі дәлелденген жоқ» деп жазды.
Адвокаттар да алдыңғы судья Мырзабековтің өкілеттілігін асыра пайдаланғанын ескертіп, Козловқа қатысты шешімді өзгертуді, оны босатуды сұрады. Алайда прокурор Әмірғали Жанаев «бұл іске қатысты тергеу екі ай бойы объективті түрде қаралғанын» айтып, «сот шешімін өзгертпеуді» сұрады.
САЯСИ ІС
Тәуелсіз журналист Сергей Дувановтың ойынша, «Козлов ісінде қылмыс құрамы жоқ, тек саяси негіз бар».
- Билік көп адамды өлтіріп, қан төкті. Енді бұл қылмысты біреудің мойнына ілу керек болып отыр. Бұл жерде түсінбейтін несі бар? Мұнда саяси мүдде басым. Адамдар өз беделін, режимнің беделін құтқаруды ойлап отыр. Мен мұны осылай түсінемін, - деді Дуванов.
Ал Владимир Козловтың адвокаты Алексей Плугов Азаттық тілшісіне берген түсініктемесінде, өздерінің енді кассациялық шағым жазатындарын айтты.
- Апелляциялық соттың шешімінен кейін «автоматты» түрде күшіне енетін сот үкімі орындалу үшін жақын арада Владимир Козлов түрмеге жөнелтілуі мүмкін, - дейді адвокат.
ӨЗГЕРМЕГЕН ҮКІМ
2012 жылы қазанның 8-і күні Владимир Козлов, Серік Сапарғали және Ақжанат Әминовтерге қатысты сот үкімі шыққан еді.
Тіркелмеген «Алға» партиясының жетекшісі Владимир Козловқа «әлеуметтік араздықты қоздыру» (164-бап 3-бөлім), «Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымын күшпен құлатуға немесе өзгертуге не оның аумақтық тұтастығын күшпен бұзуға шақыру» (170-бап 2-бөлім) және «ұйымдасқан қылмыстық топ құру» (235-бап 1-тармақ) баптары бойынша айыптар тағылды.
Козлов сотта ұйымдасқан қылмыстық топ болмағанын, айыптау тарапының бірде-бір айғақ көрсете алмағанын айтып, оппозициялық әрекеті үшін қуғындалып отырғанын мәлімдеген еді.
Қоғамдық белсенді Ақжанат Әминов шартты түрде - бес жылға, ал «Халық майданы» қозғалысының өкілі Серік Сапарғали шартты түрде төрт жылға сотталды.
Бұл мақаланы автордың Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында да талқылауға болады.