Мұнайшылары полиция қолынан қаза тапқан қалада не болып жатыр?
Алаңға ағасын іздеп барып, оқ тиіп жараланған бойжеткен, түрме азабын көріп, айықпас дерттен көз жұмған ұлын жоқтаған кейуана, бес жыл түрме азабын көрген мұнайшы, өңешінен оқ тиген тағы бір куәгер. 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасынан жапа шеккендер мен олардың жақындарының сөзін тыңдау соншалық ауыр.
Жаңаөзен оқиғасынан кейін түрмеге қамалып, саяси тұтқын деп танылған Владимир Козлов "қазіргі саяси режимнің тұсында Жаңаөзен оқиғасын объективті зерттеу мүмкін емес, өйткені қылмыстың бір ұшы жоғарыдағыларға тіреледі" дейді. Азаттық қазір шетелде тұратын Козловтан сұхбат алды.
Жаңаөзенде 2011 жылы мұнайшылар ереуілін полиция оқ атып таратқанда зардап шеккен бір топ адам биліктен орташа өмір сүруге жететін жалақысы бар жұмыс беруді немесе өмірлік өтемақы төлеуді сұрайды. Үкімет оларға жергілікті әкімдік ұсынған жұмысқа орналасуға кеңес береді.
Осыдан 9 жыл бұрын, 2011 жылы мамырдың 26-сы күні Жаңаөзен қаласындағы “Өзенмұнайгаз” компаниясының үш мыңнан астам мұнайшысы жұмыс жағдайына наразылық танытып, жұмыс тоқтатты.
2011 жылы 16 желтоқсанда полиция Жаңаөзенде наразылық білдіріп тұрған мұнайшыларға оқ атты. Ресми дерек бойынша, оқиғадан 17 адам мерт болып, жүздеген адам жараланды. 8 жыл бұрынғы оқиға қалай болып еді?
2011 жылғы желтоқсанда қайғылы оқиғадан кейін Жаңаөзен, Шетпе мен Ақтауға барған Азаттық тілшісі түсірген фотосуреттер.
Жаңаөзен оқиғасы жайлы "Қоңыз" романының авторымен сұхбат.
Жаңаөзенде 2011 жылы полиция ереуілшілерге оқ атқанда жараланған және қаза тапқан адамдарды көрген жергілікті жасөспірімдердің алды қазір отбасын құра бастады. Олар есеңгіреу халінен айыға алмай біраз жүргендерін айтады. Солардың бірі Азаттыққа өз жағдайын баяндап берді.
Халықаралық кәсіподақтар конгресінің Копенгагендегі жиынында Қазақстандағы жағдай туралы баяндаған тәуелсіз кәсіподақ өкілі Құспан Қосшығұлов Азаттыққа сұхбат берді.
Тағы