Accessibility links

«Алға» халықаралық қауымдастыққа өтініш айтпақ


"Алға" партиясының жетекшісі Владимир Козлов сот залында. Ақтау, 8 қазан 2012 жыл.
"Алға" партиясының жетекшісі Владимир Козлов сот залында. Ақтау, 8 қазан 2012 жыл.
Тіркелмеген "Алға" партиясы прокуратураның партия мен "Халық майданы" ұйымын жабу туралы талап арызына қатысты үндеу жариялады. Жұма күні жариялаған үндеуінде партия өз қызметін "үнемі ашық жүргізгенін және қолданыстағы заңнамаларды бұзбағанын", прокуратура шағымының саяси астары бар екенін айтады.

21 қарашада Алматы қаласы прокуратурасы сотқа "Алға" партиясы мен "Халық майданы" ұйымын, "К-плюс" телеарнасы, "Взгляд", "Голос республики" газеттері мен "Голос республики", "Стан-ТВ" интернет-порталдарының ресурстарын жабу туралы талап арыз түсіргені хабарланған еді.

"Прокуратураның партияға және бірқатар тәуелсіз БАҚ-тарға қарсы сот талабы - оппозиция мен өзгеше ойлайтындардың үстінен жүргізіліп отырған саяси өшпенділік сценарийінің мәреге жетуі. "Демократиялық" Қазақстан 2013 жылды оппозициясы мүлдем жойылған, тәуелсіз БАҚ деген атымен жоқ, түрменің бәрі ар-ождан тұтқындарына толған мемлекет ретінде қарсы алады" дейді партия.

"Алға" партиясы халықаралық қауымдастыққа, Еуропа парламенті, ЕҚЫҰ, БҰҰ, құқық қорғау ұйымдарына президент Нұрсұлтан Назарбаев пен қазақстандық өкілетті орындарының оппозиция мен тәуелсіз БАҚ-қа қатысты іс-әрекеттеріне саяси және құқықтық баға беруін сұрап өтініш айтпақ.

Партия халықаралық қауымдастықтан Қазақстан үкіметінен адам құқықтарын демократиялық ұстанымдар мен стандарттарға сай етуді талап етіп, экономикалық және саяси қысым жасауды да сұрамақ.
XS
SM
MD
LG