Азаттық тілшісімен сөйлескен 92 жастағы ашаршылық куәгері Ғарипа Хамзина:
- 1930 жылдардағы ашаршылық кезінде халық қырылып қалды. Әкеміздің қарындасы жалғыз шешемізге қарап қалған бесеумізді қырғыз жеріне әкетпегенде аштан өлетініміз анық еді, - дейді.
Ғарипа апа Мұхтар Әуезовтің «Қараш-Қараш» повесінде аты аталатын Саймасай болыстың немересі екенін айтады. Қазақстанға оралғанына 9 жыл болған, қазір Алматыда тұрады.
«БАРЛЫҚ ШЫНДЫҚТЫ БІЛУІМІЗ КЕРЕК»
1931 жылы басталып, 1933 жылы бәсеңдеген қазақ жеріндегі ашаршылық құрбандары туралы деректер әрқилы. Кейбір деректерде 2 миллион 200 мың адам деп жазылса, кейбіреулерінде 3 миллоннан астам деп те көрсетіледі.
Режиссер Еркін Рақышев осы трагедия туралы деректі фильм түсіру кезінде бірқатар назар аударарлық мәлімет тапқанын айтады.
- 1931-1933 жылдардағы ашаршылықтың беті қайтқаннан кейін 1934 жылы Климент Ворошилов (СССР-дің қорғаныс халық комиссары – ред.) ВКП(б) ХVІІ съезінде: «Нан керек болған соң біз аштықты әдейі жасадық. Нәтижесінде жұмыс істей алмайтын шаруалар мен кулактар ашаршылықтан өліп, тап ретінде жойылды» деп мәлімдеді, - дейді «Ашаршылық» деректі фильмінің режиссері.
Фильмнің үзіндісін мына жерден көре аласыз:
«ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ УКРАИНДАРДАН ДА КӨП ҚЫРЫЛДЫ»
Желтоқсанның 6-сы күні Алматыда «1931-33 жылдардағы Қазақстандағы аштық: себебі мен салдары» атты тақырыпта ғылыми конференция өтті. Оған Украинадан келген делегация да қатысты.
Тарихшылардың айтуына қарағанда 1931-33 жылдары Совет Одағының бірнеше республикасында болған ашаршылық кезінде халқы ең көп қырылған Украинада төрт миллионға жуық адам өлген.
Бірақ Украина жоғарғы радасының депутаты Олесь Донийдің пікірінше, жан басына шаққанда қазақтар украиндардан әлдеқайда көп зардап шеккен.
- 1920-21 жылдары Украина совет өкіметіне қатты қарсылық көрсетті. Егер украиндар осылай күреспесе, онда үкімет Голодоморды қолдан жасамас еді. Сол сияқты қазақтар да тәуелсіздік үшін күреспесе, мұндай ашаршылық ұйымдастырмас еді. Қазақ халқы украиндардан да көп қырылды. Енді рухани тазару үшін барлық шындықты білуіміз керек. Қазір Украина кері кетіп барады. Украина билігі «геноцид» деген сөзден қорқатын болды, - деді ол желтоқсанның 6-ы күні Орталық мұрағатта өткен конференцияда.
Украинада Голодомор туралы ақпаратпен танысқысы келген жалпы көпшілік үкімет порталында ашылған арнайы электрондық каталогтағы архив материалдарымен емін-еркін таныса алады.
«РҰҚСАТ БОЛА ТҰРА ШЕКТЕУ КӨП»
Азаттық тілшісі аталған конференцияға келген бірқатар тарихшылардан Қазақстанда 1931-33 жылдары болған ашаршылықтың электрондық архиві қашан жасалатыны жөнінде сұрап көрген еді. Бірақ тарихшылар электрондық архив түгілі жай архивтің өзіне қолдары жетпей жүргенін айтты.
Тарихшы Светлана Смағұлова электрондық архивтен бұрын әуелі қазіргі архивтердегі құпия құжаттарды жарыққа шығару керек деп санайды. Оның сөзінше құпиялылығы 1992 жылы, осыдан 20 жыл бұрын алынған құжаттардың өзі әлі күнге жабық күйі қалып отыр.
- Бұл жөнінде орталық архив басшыларына да, президент архивіне де бірнеше рет айтып нәтиже шығара алмадық, - дейді ол.
Тағы бір тарихшы Шәмек Тілеубаев Қазақстандағы құпия құжаттарға рұқсаты бар санаулы тарихшылардың бірі екенін, бірақ соның өзінде құпия құжаттармен толық таныса алмай жүргенін айтады.
- Мәселен, ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы мемлекеттік архивінде ашаршылыққа байланысты материалдар жеткілікті. Қолымда кез-келген мұрағаттың құпия қорына жарайтын анықтама бола тұра, кейбір құжаттарды бермейді. Ұлттық қауіпсіздік комитетіне соңғы екі жыл арнайы хат та жаздық, бәрібір рұқсат етпеді, - дейді ол.
Оның сөзіне қарағанда, 1999 жылы қабылданған «Мемлекеттік құпия туралы» заң бойынша сақталу мерзімі 30 жылдан асқан материалдардың құпиясы ашылуы тиіс.
«АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ БЕДЕЛІН ҚАЙТЕМІЗ?»
1991-92 жылы құжаттардың құпиялылығын алып тастау жөніндегі комиссияда жұмыс істеген тарихшы Қайдар Алдажұманов та құпия құжаттардың әлі күнге ашылмай отырғанына таң қалады.
- «Особая папка ЦК ВКП(б)» деген папкада Қазақстан компартиясының бірінші хатшысы Левон Мирзоянның Йосиф Сталиннен қосымша репрессия сұраған қағаздары, таблицасы бар еді. Соның бәрін 1992 жылдың өзінде «жариялауға болады» деп шешім шығарғанбыз. Ал президент архиві оны тек 2010 жылы ғана жариялады. Онда да түгел емес. Совет Одағы дейтін мемлекеттің өзі жоқ. 30-жылдардағы оқиғаларды құпия ұстауға қандай құқығы бар? - дейді ол.
Қайдар Алдажұманов осыған ұқсас жағдайлар орталық архивте де бар екенін, «кейбір архив қызметкерлерінің «өзіміз жариялап болғанша ешкімге бермеуге құқығымыз бар» деп санайтынын айтады.
- Облыстық архивтер де солай жасап отыр. Өздері жинақ шығарғысы, өздері жариялағысы келеді, ешкімге бергісі келмейді, - дейді ол.
Оның айтуынша, ҰҚК (Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті) архивінде кейбір құжаттарды әлі күнге құпия ұстаудың басқа да себебі бар.
- Биыл Түркістан легионы туралы құжаттарға рұқсат сұрағанымда бермей қойды. Өйткені біраз адамдар әлі ақталмаған. Тергеу кезінде азап көрген «Алаш» қайраткерлері қиналғанда айыпты басқаларға аударатын жағдайлары да кездеседі. Оның бәрін шығаратын болсақ, онда «Алаш» қайраткерлерінің беделі қандай болмақ? - дейді Қайдар Алдажұманов.
«ҚҰПИЯ ІЗДЕГЕН ТАРИХШЫ БІРЕН-САРАН»
Ал Алматы қаласындағы орталық мемлекеттік архивтің ғылыми ақпарат жұмысы және ғылыми анықтамалық бөлімінің бастығы Гүлнәр Қаратаева «орталық архивтің оқу залына құпия іздеп келген белгілі тарихшылардан ешкімді көрмегенін айтады».
- Залға келген зерттеушілердің қай тақырыпты қарағаны тіркеулі тұр. Бірақ олардың арасынан белгілі тарихшыларды көрген емеспін кейінгі кезде. Құпия бөлімге рұқсаты барларға да жол ашық. Мәселен, біз «құпиялылығын енді алдық» деген құжаттардың өзін осыған дейін көрген зерттеуші бірен-саран, - дейді ол.
Оның айтуынша, Қазақ ССР орталық атқару комиетінің қоры мен халық комиссарлары кеңесінің құпия қорлары өткен жылы ресми түрде ашылған. 1931-33 жылдардағы ашаршылық туралы құжаттардың құпиялылығы түгел алынған.
- Құпиясыздандыру процесі - өте күрделі жұмыс. Оны ведомствоаралық комиссия шешеді. Комиссия құрамында ҰҚК де бар, - дейді Гүлнәр Қаратаева.
Астанадағы ҰҚК-ге хабарласып жауап ала алмаған соң, ҰҚК-нің Алматы қалалық департаментіне телефон соққан едік. Бірақ департамент өкілдері бұл мәселені телефон арқылы емес, кеңсеге арнайы келіп сөйлескеніміз дұрыс болатынын ескертті.
Кеңсеге барғанымызда ҰҚК Алматы қалалық департаменті биік қоршау ішіне кіргізбей, осы департаментке қарасты архивтің қызметкері Екатерина Тараненконы жіберді.
Тараненконың айтуынша, құпиясыздандыру процесі бойынша жұмыс істейтін ведомство аралық комиссияға ҰҚК-дан басқа да органдар, соның ішінде прокуратура да кіреді.
- Бірақ бұл мәселе жоғарғы жақта шешіледі, оған біздің қатысымыз жоқ. Мен сізге тек қана 1993 жылғы сәуірдің 14-інде қабылданған «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» заңның 16-бабына сәйкес тергеу хаттамалары көрсетілмейтінін ғана айта аламын, - деді ол.
Басқа пікірлерін диктофонға айтқысы келмеген ҰҚК архивінің қызметкері «тарихи тергеу хаттамаларында бірін-бірі айыптаған жағдайлар кездесетінін, олардың ұрпақтары арасында түсініспеушілік тумас үшін бұл құжаттар көрсетілмейтінін» айтты.