Accessibility links

Австриялық тұтқын Украинада көрген ашаршылық

Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Австро-Венгрия империясы армиясының қатарында болған Александр Винербергер 1915 жылы орыс әскерінің тұтқынына түскен. Содан 1934 жылға дейін Ресейде болған ол Совет Одағында жарылғыш заттар инженері ретінде химиялық зауыттар салуға қатысады. 1933 жылы Харьковте зауыт директоры болып тағайындалған Винербергер советтік Украинадағы ашаршылық қасіретіне куә болады. Ол «Лайка» фотоаппаратымен «Голодомор» қасіретінен жүздеген сурет түсірген. Суреттердің астындағы сипаттамаларда ашаршылық туралы оның жазбалары келтірілді.

XS
SM
MD
LG