Желтоқсанның 25-інде Медеу аудандық сотының судьясы Гүлмира Бейсенова «Голос республики» басылымын экстремистік деп танып, оның қызметіне тыйым салу туралы үкім шығарды.
Сот «Голос республики», «Республика деловое обозрение», «Вся республика» басылымдарын, олардың Facebook-тегі парақшасын біртұтас ақпарат құралы деп атап, барлығының қызметін доғаруға үкім етті.
«ҚҰҚЫҚТАР МЕН МІНДЕТТЕР»
«Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары Людмила Жуланованың ойынша, «бұқаралық ақпарат құралдарын (БАҚ-ты) жабу – сөз бостандығын шектеу».
– Мұның немен, нақтырақ айтқан кіммен байланысты екенін түсінеміз ғой. Әрине, ол адам аталған басылымдар арқылы өз пікірін білдірді. Кейде өткір сын айтылды – ол ешкімге, әсіресе сынға қатысы барларға ұнамайды. Бірақ бұл – сөз бостандығын шектеу, сондықтан мен мұндай тәсіл қажет емес еді деп ойлаймын, – деді Людмила Жуланова.
Қазақстан президентi жанындағы әлемдiк экономика және саясаттану институтының президентi Уәлихан Төлешовтің айтуынша, «бұл істе екі тарап заңды құқықтарын қолдануы қажет, біржақтылық болмауы тиіс».
– Мемлекеттік органдарды «біржақты» деп айыптауға болмайды. Олар өз функциясын орындайды. Газеттің де, мемлекеттік органның да өз құқығы мен міндеттері бар, – деді Уәлихан Төлешов.
«АБСУРД»
Оралдық тәуелсіз журналист Лұқпан Ахмедьяровтың пікірінше, «БАҚ-ты жабу – ақымақтық пен абсурд».
– Мен үшін тәуелсіз баспасөз институты – мемлекет пен қоғамның тұрақты дамуының негізгі шарты. Сондықтан Назарбаевтың өз бақылауындағы прокурорлар арқылы жүзеге асырған бұл ісі – мемлекет пен қоғамға қарсы қылмыс, – дейді журналист.
Оның түсінуінше, «Назарбаев өз қолымен саяси және әлеуметтік мәселелерді радикализация жасауға жағдай жасап отыр».
– Қоғамда тәуелсіз басылым мен оппозициялық партиялар болмаса, бұл орынды билікпен заң аясында дискуссияға түспейтін және түскісі келмейтін күштер иеленеді. Басқаша айтқанда, билік өз қолымен Қазақстандағы экстремизмнің дамуына жол беріп отыр. Мұны Назарбаев саясаткер ретінде түсінуі керек, – деді Лұқпан Ахмедияров.
«НАЗАРБАЕВ ПЕН ӘБЛЯЗОВТЫҢ ҚАҚТЫҒЫСЫ»
«Жас Алаш» газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбайұлының сөзінше, «биліктің ақырзаманы жақындап қалды, сондықтан оның бүгінгі әрекеттері – соның алдындағы жанталас».
– Бүгінгі билікті қалайда сақтап қалу, оның ғұмырын ұзарту – басты мақсат. Мұндай билікке тәуелсіз БАҚ, сөз бостандығы, ой еркіндігі – ең үлкен қауіп-қатер. Тәуелсіз ақпарат құралдарын басып-жаншу арқылы өздерінің жан тыныштығын ойлайды, – деді Рысбек Сәрсенбайұлы.
Оның ойынша, «Назарбаевты үлкен үрей биледі – себебі мемлекеттік жүйе, басқару шатқаяқтап кетті».
– Олигархиялық, кландық топтардың шиеленістері бар. Ол сырт көзге байқалмай тұрғанымен, бұрқ-сарқ күрес ол жақта да жүріп жатыр. «Ертең президенттің орнына кім болады?» деген әңгіме күн тәртібінде бұрыннан гөрі қазір әлде қайда өткір тұр, – деді Рысбек Сәрсенбай.
Ол «ақпарат құралдарын жаппай жабу – Әблязов пен Назарбаевтың арасындағы қақтығыстың салдары» деп біледі.
– Бұл жерде Әблязовтың ықпалындағы немесе соның қатысы бар-ау деген ақпарат құралдарын жою арқылы президент Әблязовты жеңгісі келеді. Бұл – екеуінің арасындағы шайқастың салдары, – деді журналист.
Бұл пікірді саясаткер Болат Әбілев те қостай келе, «бірақ мұның тағы бір себебі бар екенін» айтты.
– Екінші себеп – президенттің жеке басына табынуды күшейту. Бұл – «елде бәріміз болып жатқан жайттарға ризамыз, риза еместер жоқ» деген сөз. Сондықтан мемлекет басшысы мен оның жанындағылардың көңіл күйін түсірмес үшін «жағымсыз» ақпарат тарататын басылымдарды жою керек. Осылайша біз Өзбекстан мен Түркменстанның жолымен жүріп келеміз, – деді Болат Әбілев.
Қарашаның 21-і күні Алматы қалалық прокуратурасы соттан сегіз оппозициялық ақпарат құралы пен 23 сайтты, оның ішінде «К-плюс» телеарнасын, «Взляд», «Голос республики» газеттерін, «Голос республики», Stan.kz интернет-порталдарын және оларға тиесілі деп сипатталатын ондаған ресурстарды жабуды сұраған еді.
Желтоқсанның 20-сы күні Алматының Бостандық аудандық сотының судьясы Татьяна Черныш Алматы прокуратурасының «Взгляд» газетін экстремистік деп тану және осының негізінде басылымды жабу туралы өтінішін қанағаттандырған болатын.