Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
AzattyqTV
Фото-байқауға келген суреттер (12-14 қаңтар)
14 қаңтар 2013 жыл, 10:57
Азаттық жариялаған «Бүгінгі жастың бейнесі» байқауына оқырмандар жіберген фотосуреттер.
1
Ер жігіттің басында бұл да болар.Үлкен мерекелерде, атақты адамдардың құрметіне ас бергенде, кейде қалталы кісілер той жасағанда ат шаптырып, бәйге жариялау дәстүрге айналған. Ат жарыс кезінде түрлі оқиғалар болып жатады. Мына жасөспірім мәре сызығына жақындағанда аттан құлап қалды. Жүктеген Айсағали Қыдыр.
2
Жер жыртқан тыңда трактор қырда. Ауыл жастарының қолынан бәрі келеді деген осы-ау! Жүктеген Мерей Қайнарұлы.
3
Теңізден теріп нәпақа. Жергілікті жігіттер арасында балық аулап, сатып, күнкөріс жасап жүргендер көп. Жылдың қай мезгілінде де, өмірін қатерге тігіп, теңізге шығады немесе жағалауда ау салады. Олардың бірқатары «жеке кәсіпкер» деген лицензиямен жұмыс істейді. Жүктеген Айсағали Қыдыр.
4
Шеберлер. Өзбекстанның Қарақалпақстан ауданынан келген гастарбайтер жігіттер. Жыл сайын сол жақтан келген жалдамалы жұмысшылар жергілікті адамдардың үйін салып, малын бағып дегендей, шаруасын істеп табыс табады. Олардың басым көпшілігі – жастар. Жүктеген Айсағали Қыдыр.
5
Еңбегіне қарай өнбегі. Елімізде осындай елгезек те еңбекқор жастар көп болғай. Жүктеген Мерей Қайнарұлы.
6
Өзіміз механикпіз. Жергілікті жігіттер көп нәрсені өздері істеп үйренген. Осылай еткен үнемді әрі қосымша табыс табуға да болады.
7
Атырау қаласы. Шырайлым мейрамханасы. Бильярд ойнап жатырмын. Жүктеген Азамат Жұмағалиев.
8
Жаңа әлем жастары. Бұрын қазақтың балалары домбыра тартып, ат құлағында ойнаса, бүгінгінің жастары компьютерде ойын ойнап, ғаламтордағы әлемді бағындыруда. Жүктеген Мерей Қайнарұлы.
9
Жанға дауа туған жердің мөлдір суы. Сурет Алматы обылысы Ұйғыр ауданы Кетпен ауылында түсірілді. Су - таудың мөлдір ағын суы. Жүктеген Медет Ескентайұлы Тастанбеков.
10
Өмір қандай керемет! Сурет Алматы обылысы Ұйғыр ауданы Кетпен ауылының табиғат аясында түсірілген. Жазғы демалыстың бір сәті. Жүктеген Медет Ескентайұлы Тастанбеков.
11
Қыстың қамын жаз ойла. Шөп шабу науқаны қызу қарқын алған шақ. Жүктеген Мерей Қайнарұлы.
12
Тұлпар ат ер жігітке серік болған. Кезінде ат құлағында ойнайтын қазақтай ұлт жоқ еді. Ал, қазір "ат жалын тартып мінер" ұл бар ма? Жастардың көбі темір тұлпарларды құмартады. Жүктеген Мерей Қайнарұлы.
13
Астананы сүйемін! Жүктеген Әсел Қадешева.
14
Алтыбақан. Жүктеген Әсел Қадешева.
15
Абай данышпанның ойнаған тоғызқұмалағы мен домбырасы! Ұлдарым, Марғұлан мен Ескендір. Жүктеген Мақсат Құдагелдин.
16
Соңғы қоңырау, мектеп аяқтаған кез. Жүктеген Азамат Назгүл.
17
Бүгінгі жастар осындай. Ақшұқыр атты ауылда, тойланып жатыр Әз-Наурыз! Жүктеген Марат Қаниев.
Фото-байқауға келген суреттер (12-14 қаңтар)
Ұқсас
Фото-байқаудың жеңімпазы анықталды
Recommended
Полиция намаз оқу үшін жолды жапқан 30-дан астам адам жауапқа тартылғанын хабарлады
XS
SM
MD
LG