Бас транспорт прокуратурасы өткен жылдың 24 қарашасында Алматы облысының Достық ауылы маңында апатқа ұшыраған МИ-8 тікұшағында қаза тапқан 8 адамға жасалған сот-медициналық сараптама нәтижесін жариялады.
Сараптамаға сүйенген прокуратура барлық экипаж мүшелерінің қазасы "авиациялық жарақат пен биіктен құлау" салдарынан болғанын мәлімдейді. Прокуратура ресей мамандары "тікұшақтың "қара жәшігіндегі" жазбаларды оқып жатқанын, оның нәтижесі ақпанның басында жарияланатынын айтады.
24 қарашада Алматы облысы Алакөл ауданы аумағынан Достық станциясына қарай көтерілген тікұшақ жоғалып кеткен еді. Ал қарашаның 29-ы күні тікұшақ апатында қаза болған 8 адамның мәйіттері табылған.