Accessibility links

Алматы маңында ұшақ құлап, 21 адам қаза тапты


Ұшақ құлаған жер
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:01:09 0:00

Ұшақ құлаған орын қоршауға алынды

Алматының жанындағы Қызылту ауылы маңына Scat компаниясының жолаушылар ұшағы құлады. Борттағы адамдардың ешбірі тірі қалмаған. Бас прокуратура құрбандардың тізімін жариялады.

Қазір төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары Құлжа жолының бойындағы оқиға орнын қоршауға алған. Өрт сөндірушілер, құтқарушылар, полиция өкілдері де ұшақ құлаған жерде жұмыс істеп жатыр.

Қаза тапқан адамдар мен экипаж мүшелері туралы ақпарат әлі нақты емес. Соңғы тараған бейресми мәлімет бойынша қаза тапқан жолаушылар арасында кішкентай баланың болуы мүмкін.

Scat компаниясы Азаттыққа жолдаған ақпарат бойынша, рейс "DV 760 Кокшетау-Алматы" деп аталған. Ұшақ Көкшетаудан шығып, сағат түскі 13.00 шамасында Алматы әуежайына қонуға тырысқан. Ауа-райының қолайсыздығынан қона алмай, екінші айналымға бұрылған кезінде құлаған.

Авиакомпанияның PR-менеджері Виктория Ульянованың хабарламасында "алдын ала мәліметтер бойынша тірі қалғандар жоқ" деп жазылған.

Scat компаниясы ұшақтың құлау себебі борт ішіндегі жазу құралын ашқаннан кейін белгілі болатынын хабарлады. Бірақ компанияның өз вебсайтында бұл қайғылы жағдай туралы ақпарат (Алматы уақыты бойынша 17.30 шамасындағы ахуал бойынша) әлі шыққан жоқ.

Қазақстанның бас прокуратурасы қаңтардың 29-ы күні апатқа ұшыраған ұшақ жолаушыларының тізімін жариялады. «Көкшетау-Алматы» бағыты бойынша ұшып келе жатқан SCAT әуекомпаниясының Challenger-200 ұшағының бортында 5 экипаж мүшесі және 16 жолаушы болған.

Прокуратура: "Бұл дерек бойынша Бас көлік прокуратурасы ҚР ҚК 295-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғап, өзінің өндірісіне қабылдады" деп хабарлайды.

Challenger-200 ұшағы апатқа ұшырағанда қаза болғандар тізімі

Экипаж мүшелері:

1. Евдокимов Владимир Николаевич – әуе көлігінің командирі
2. Шарапов Александр Владимирович – пилот
3. Бабаян Святослав Артурович – стажер-пилот
4. Кривоносова Ирина Николаевна – бортпроводница
5. Аспандиярова Дина – бортпроводница

Жолаушылар:

1. Дюсенов Галымжан
2. Дюсенбаев Дюсекен
3. Кусаинов Аскар
4. Платков Николай
5. Малгаждаров Кайсар
6. Низамов Акрам
7. Омаров Абилжан
8. Оразбаев Марат
9. Рахимбек Индира
10.Сериков Александр
11. Шутиков Арсен
12.Ескендиров Аскар
13.Жаворонков Иван
14.Фейст Владимир
15.Рубас Александр
16.Бахытжан Р.М.

Алматы түбіндегі Қызылту ауылының Google картасындағы орны.
Алматы түбіндегі Қызылту ауылының Google картасындағы орны.
XS
SM
MD
LG