Халықаралық музейлер күніне орай 17 мамырда Алматыдағы Мемлекеттік орталық мұражай ұйымдастырған "Музей түні" шарасы түн ортасына дейін жалғасты. Мыңдаған қалалықтар арнайы көрмелерді тегін тамашалады.
Музей директорының орынбасары Бейбітқали Қақабаевтың айтуынша, тек орталық музейде өтетін ерекше түнге қатысушылар саны өткен жылы 7 мыңға жеткен. Музей бұл түні бірқатар сирек экспонаттар көрмесін көпшілікке ұсынады. Азаттық тілшісі Зәуреш Кәукеннің суреттері.