Күйді жаңаша өңдеген музыканттар оны «заман талабы» деп түсіндіреді. Бірақ кей тыңдарманға ұнайтын бұл жаңалықты музыка маманы жақтырмайды.
Республика сарайы алдында Қазақстан халқы бірлігі күніне арналған мерекелік шара өтті. Әртүрлі ұлт өкілдері өнер көрсетіп, киімдері мен қолөнер бұйымдарын жұртқа таныстырды.
Тоғызқұмалақ ұлттық ойынын онлайн жүйеде ойнайтындардың жартысына жуығы – шетелдіктер. Азаттық тілшісі дәстүрлі интеллектуалдық спорт түрінің кең тарау себебіне үңіліп көрді.
Халықаралық музейлер күніне орай 17 мамырда Алматыдағы Мемлекеттік орталық мұражай ұйымдастырған "Музей түні" шарасы түн ортасына дейін жалғасты. Мыңдаған қалалықтар арнайы көрмелерді тегін тамашалады. Азаттық тілшісі Зәуреш Кәукеннің суреттері.
Бұрынғы қазақ тұрмысында киіз үйдің бір бұйымы ғана болған тұскиіз бен киіз қазір сән әлеміне де енді. Шеберлердің сәнді киімдері арасында тұскиізден тігілген кеудеше мен киізден басылған көйлектер бар.
Қазақстанда кестеден картина жасайтын шеберлер мен зерттеушілер бұл өнердің жаңа кәсіби деңгейге көтерілгенін айтады. Азаттық тілшісі сирек өнер иелерімен және олардың тұтынушыларымен танысып қайтты.
Алматының орталығындағы мерекелік концертке жиналған тұрғындар түскі 13.00-ге қарай ғана алаңдағы қоршаудан өтуге мұрсат алды.
Азаттық тілшісі Алматының Жібек Жолы көшесі бойында орналасқан белгілі демалыс және сауда орнының Наурыз қарсаңындағы тыныс-тіршілігін байқап қайтқан еді.
Ұлыбританиялық белгілі стрит-артшы Бэнксидің бір туындысы ақпан айында АҚШ-тағы аукционда сатыла жаздады. Қазақстанда да кәсіби граффити жолына түскен көше суретшілері бар.