Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
AzattyqTV
Қазақстан қуғын-сүргін құрбандарын еске алды
31 мамыр 2013 жыл, 15:34
Қазақстанның бірнеше қаласында сталиндік билік кезіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шарасы өтті. Олардың ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылып, құран оқылды. 31 мамыр 2013 жыл.
1
Долинка ауылындағы түрме қызметкерлері мұражайға НКВД қызметкерлері қолданған инструкциялар мен бұйрықтар сияқты сирек жәдігерлерді табыстады. Бұл бұйымдардың арасында Карлаг тұтқындары соққан үш шеге бар.
2
Қарағанды облысы Долинка ауылында саяси қуғын-сүргін құрбандарының мұражайында репрессияға ұшырағандардың ұрпақтарымен кездесу өтті. 31 мамыр 2013 жыл.
3
Алматыда қоғамдық белсенділер Орталық мешітте саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар мен ашаршылық кезеңінде қаза болғандарға арнап құрбан шалды. 31 мамырды «аза тұту күні» деп атаған жиналғандар қолдарына көк-қара түсті лента тақты. 31 мамыр 2013 жыл.
4
Астаналық белсенділер мойындарына көк орамал тағып, саяси қуғын-сүргін құрбандарының ескерткішіне тағзым етті. 31 мамыр 2013 жыл.
5
Шымкентте саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға келгендер. 31 мамыр 2013 жыл.
6
Павлодарда саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған «Мәңгі есімізде» деп аталатын ескерткіш кешені ашылды.
7
Саяси қуғын-сүргін құрбандары құрметіне ашылған ескерткіштегі 42 тілде жазылған "Мәңгі есімізде" сөзі. Павлодар, 31 мамыр 2013 жыл.
8
Ақтөбеден 20 шақырым жердегі Түйетөбенің басында саяси қуғын-сүргін құрбандарына қойылған ескерткішке келе жатқан қала тұрғындары. 31 мамыр 2013 жыл.
9
Түйетөбе басында «жеті нан» үлестіріп жатқан бойжеткен. Ақтөбе, 31 мамыр 2013 жыл.
10
Ақтөбеліктер «жұтпа шұңқыр» деп аталған осындай орлардың жиегіне тұтқындарды тұрғызып қойып атқанын айтады. 31 мамыр 2013 жыл.
11
"Жұтпа шұңқырларға" қарап, дұға бағыштап отырған адамдар. Ақтөбе, 31 мамыр 2013 жыл.
12
Алматы облысындағы Жаңалық ауылының іргесіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарының ескерткішіне гүл қойылды. 31 мамыр 2013 жыл.
13
Оралдағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шарасы. 31 мамыр 2013 жыл.
14
Оралда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алушылардың кейбір қазір қамауда отырған саяси тұтқындардың суреттерін де ала келді. 31 мамыр, 2013 жыл.
15
Полиция қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шарасы кезінде "зейнетақы жасының өсуіне қарсы митингіге шығуға үндеу таратты" деп, "Желтоқсан ақиқаты" ұйымының мүшесі Сайлау Бекқожаевты машинаға мінгізіп әкетпек болды. Шараға келген жұрт оған араша түсті. Алматы облысы, Талғар ауданы, Жаңалық ауылы, 31 мамыр 2013 жыл.
16
Татарстан жастарының "Азатлық" ұйымы өкілдері Қазақстандағы 31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне байланысты қолдау акциясын өткізіп тұр. Қазан, 31 мамыр 2013 жыл.
Қазақстан қуғын-сүргін құрбандарын еске алды
Recommended
Полиция намаз оқу үшін жолды жапқан 30-дан астам адам жауапқа тартылғанын хабарлады
XS
SM
MD
LG