Accessibility links

Ыстықкөлде төтенше жағдай жарияланды


Ыстықкөлде шеруге шыққан тұрғындар. Қырғызстан, 31 мамыр 2013 жыл.
Ыстықкөлде шеруге шыққан тұрғындар. Қырғызстан, 31 мамыр 2013 жыл.
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Ыстықкөл облысының Жетіөгіз ауданында 31 мамырдан 10 маусымға дейін төтенше жағдай (кешкі сағат 9-дан таңғы 6-ға дейін коменданттық сағат) жариялады.

Бұл ауданда бүгін полиция мен мыңдаған шеруші қақтығысып қалған еді. Оқиға он шақты шерушіні полиция тұтқындаған соң басталған. Шерушілер кеше кешке электр станциясын басып алып, Құмтөр алтын кені орнына электр қуатын жібермей қойған.

Шерушілердің аудан әкімін кепілге алып қайта босатқаны жайлы, кен орнына баратын екі жолды жапқаны туралы хабарланды.

Наразы топ Құмтөр алтын кен орнын игеріп жатқан канадалық Centerra Gold компаниясының жергілікті тұрғындарға арнап экологиялық қауіпсіз инфрақұрылым, медициналық мекеме салуын талап етеді.
XS
SM
MD
LG