Accessibility links

Түркиядағы наразылықтың қандай астары бар?


Түркиядағы наразылық шарасы. Стамбул, 2 маусым 2013 жыл.
Түркиядағы наразылық шарасы. Стамбул, 2 маусым 2013 жыл.

«Түркиядағы үкіметке қарсы шығудың негізгі себебі – елде біртіндеп орнаған әміршіл билік пен Ердоғанның сынды елемеуі ашындырған жұрттың ашу-ызасы» деп жазады Батыс басылымдары.

Сарапшылар Түркиядағы наразылық түріктердің арасындағы зайырлы және діни азаматтарға дәстүрлі түрде бөліну шеңберінен асып кеткенін айтады.

Өткен жұмада мыңдаған адам Стамбулдағы Таксим алаңына шығып, биліктің алаңды бұзып, саябақтың орнына ғимарат салу туралы жоспарына қарсылық білдірді. Полиция шерушілерді көзден жас ағызатын газбен атқылап қуып таратқаннан кейін биліктің бұл әрекеті жұрттың ашу-ызасын қоздырып, Стамбул, Анкара және Измир қалаларында мыңдаған адамның наразылығына ұласты.

Бұл наразылықтардың астарында не бар? Ел экономикасын әртараптандырып, дағдарыстан шығарған Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоғанның саясатына бүкіл әлем сүйсінгені кеше ғана емес пе еді? Бірін экономикалық дағдарыс жайлаған, енді бірі соғыс ошағына айналған жайсыз елдердің қоршауында қалған Түркияны «жалғыз тұрақтылық мекені» деп атағаны да кеше еді. Сарапшылар «бұл елге исламизм ықпалының күшеюінен ғана қауіп бар» деген болатын.

БИЛІК МЕРЗІМІ ҰЗАРҒАН САЙЫН ӨКТЕМШІЛДІККЕ ҰРЫНАДЫ

Үкіметке қарсы наразылықтың үдеуі халық биліктің бақтағы ағаштарды отау жөніндегі жоспарына ғана емес, Режеп Тайып Ердоған үкіметінің саясатына да қарсы екенін көрсетті.

Азат Еуропа/Азаттық радиосының аймақтық директоры Аббас Джавадидің жазуынша, Түркияның көптеген саясаттанушылары атап көрсеткендей, премьер-
Түрік полициясы шерушілерге қарсы газ қолданды. Стамбул, 28 мамыр 2013 жыл.
Түрік полициясы шерушілерге қарсы газ қолданды. Стамбул, 28 мамыр 2013 жыл.
министрдің басқару тәсілі 2003 жылдан кейін әміршіл сипат ала бастады. Режеп Ердоғанның партиясы бірқатар экономикалық табыстарға жеткенімен, халық саяси еркіндікті қалайды. Анкарадағы наразы адамдардың бірі Twitter желісінде «Экономика үшін рахмет, сэр! Бірақ темірдей уысың мен бізді құл сияқты қорлаған қысастығың төзімімізді тауысты» деп жазады.

Сарапшылардың айтуынша, Әділет және даму партиясы мен оның жетекшісі Режеп Ердоған соңғы 10 жылдағы саяси және экономикалық жетістіктері мен ішкі-сыртқы танымалдығын малданып, басқа партиялармен коалиция құруды қажет деп есептемей, елді жеке-дара биледі. Армияға, жаңа конституцияға қатысты және Сириямен арадағы сыртқы саясатқа қатысты айтылған сынды елемеді.

Мартин Липсет пен Джованни Сартори сияқты көптеген саясаттанушылар билік басында ұзақ отырған адам экономикалық тұрғыдан жайлы заманның өзінде өктемшілдікке ұрынатынын айтады.

ЗАЙЫРЛЫ ХАЛЫҚҚА ҚАРСЫ «МӘДЕНИ СОҒЫС» ПА?

Түркияда саясатты исламдандыру да – халық наразылығының тууының бір себебі. Йель университетіндегі саясаттану және философия профессоры Сейла Бенхабиб New York Times газетінде «адамдар алкоголь ішімдіктерін сатуға
Шерушілердің түрік премьері Ердоғанды келекелеген плакаты. Стамбул, 5 маусым 2013 жыл.
Шерушілердің түрік премьері Ердоғанды келекелеген плакаты. Стамбул, 5 маусым 2013 жыл.
салынған жаңа шектеулерге наразы» деп жазады. Оның пайымдауынша, негізгі проблема – маскүнемдік емес, зайырлы халық мен либералды емес демократияға қарсы Ердоған бастаған «мәдени соғыс». Түріктердің көпшілігі «Егер ішімдік ішу күнә болса, күнәмнің жазасын өзім өтеймін. Үкімет бізді күнә жасамауға мәжбүрлей алмайды» дейді.

Сейла Бенхабиб «Премьер-министр жасанды түсік жасатуға заң жүзінде тыйым салуға тырысып, әйелдерді кем дегенде үш бала тууға шақыру арқылы әлдебір догманы таңғысы келетін сыңайлы» деп жазады. Адамның жеке өміріне бұлай қол сұғу Түркиядағы азаматтардың саяси және азаматтық құқықтарын бұзумен қатар жүріп жатыр. Оның ойынша, елде журналистер мен суретшілердің құқықтары, жиналыс өткізу еркі мен наразылық білдіру хақылары бұзылған.

Ал Financial Times басылымы «НАТО-ның одақтасы және Еуропа Одағына мүшелікке өтуден үміткер Түркия үкіметі Қытай мен Иранды қоса алғандағыдан
Үкіметке қарсы шеру. Стамбул, 5 маусым 2013 жыл.
Үкіметке қарсы шеру. Стамбул, 5 маусым 2013 жыл.
да көп журналисті түрмеге қамады, ал ақпарат құралдары өздерін өздері цензуралаумен айналысады» деп жазады.

Түрік премьер-министрі соңғы күндері әлеуметтік медианы «тәртіп бұзушылар» деп атады. Басылымның жазуынша, «Ердоған мырзаға плюрализм жетіспейді».

Wall Street Journal: «Түркиядағы наразылық акциялары орта тапты мұндай ауқымда алғаш рет қамтыды. Орта тап өз талаптарын қойды. Бұл наразылық зайырлы және діни түріктердің дәстүрлі бөліну шеңберінен асып кетті» деп жазады. Басылымының пікірінше, наразылық акциялары шын мәнінде Ердоған билігі мен оның басқару тәсілдеріне қарсы өршіді.

Түркия туралы не білесіз?

Түркия туралы не білесіз?

Тесті бастайық

XS
SM
MD
LG