Accessibility links

Қазақстан Түркияда қалған туристерге ұшақ жібермек


ТУ-154 ұшағы. Көрнекі сурет.
ТУ-154 ұшағы. Көрнекі сурет.
Қазақстан үкіметі Түркиядан қайта алмай отырған қазақстандық туристерді елге жеткізу үшін төтенше жағдайлар министрлігінің ұшақтарын аттандырады. Бұл туралы индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев айтты деп хабарлады бүгін премьер-министрдің ресми сайты.

Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божконың айтуынша, мемлекеттің есебінен Түркияға ТУ-154 және ТУ-134 ұшақтары жіберілмек. Екі ұшақпен 240 адамды Алматы мен Астанаға жеткізу жоспарланған.

Осы аптада банкрот болғанын жариялаған түркиялық Sky Airlines әуе компаниясының қызметін пайдаланған мыңнан аса қазақстандық туристердің Түркиядан қайта алмай отырғаны хабарланған еді.

Қазақстан туристік ассоциациясының дерегі бойынша, шетелге демалуға шығатын қазақстандықтардың көбі Түркияны таңдайды. Бірақ биыл жаздағы Түркиядағы толқулар Стамбул және Анкара қалаларына баратындардың азаюына әсер еткенін айтады қазақстандық кейбір туристік ұйымдар.
XS
SM
MD
LG