Қазақстандық оппозиция белсендісі Мұратбек Кетебаевты Польшаның Люблин қаласының полициясы қамауға алғанын туыстары мен әріптестері растады.
12 маусымда Польшада тұтқындалған Мұратбек Кетебаевтың адвокатының және Польшадағы "Open dialogue" ұйымының өкілі Магда Рапинчуктың Азаттыққа айтуынша, Кетебаев "Қазақстанның сұратуы бойынша" қамалған.
Рапинчуктың сөзінше, Люблин қаласының прокуроры Агнешка Кемпка "Кетебаевқа Қазақстанның конституциялық құрылымын құлатуды көздеген ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі болды деген айып тағылған" деп хабарлаған. Кемпка тұтқындау туралы өтініштің Интерполдан да түскенін айтқан.
Рапинчук Кетебаевтың 48 сағатқа қамалғанын, қазір сот шешімі шыққанша тергеу абақтысында отырғанын айтты. Ол Азаттық тілшісіне:
- Заңгерлер тағылған айыпты күлкілі санайды. Польшаның қылмыстық кодексінде ондай бап жоқ. Оны бізде саяси айып тағу деп есептейді. Польшада Қазақстан азаматы Мейірман Шәуеновке қатысты да тура осындай оқиға болған. Оны ақыры босатқан. Польшадан саяси баспана алып, ол қазір осында тұрып жатыр, - деді
Мұратбек Кетебаев - қуғындағы қазақстандық банкир, оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовтың жақтасы. Ол соңғы жылдары Польшада тұрған және осы елде тұрақты түрде тіркелген.
Мамырдың 29-ына қараған түні Италия астанасы Рим қаласында Мұхтар Әблязовтың әйелі Алма Шалабаева мен 6 жасар қызы Алуа Әблязова тұтқындалып, Қазақстанға жеткізілген еді. Шалабаеваға "Италия аумағында жалған құжатпен жүрді және Қазақстанда жалған төлқұжат жасау үшін пара берді" деген айыптар тағылды.
Қазақстанның жергілікті ақпарат құралдарының мәліметі бойынша, Мұратбек Кетебаевқа қарсы екі қылмыстық іс қозғалған. Біреуі - 2011 жылы желтоқсан айында болған Жаңаөзен оқиғасына қатысты іс, екіншісі - Алматыда 2012 жылы террор ұйымдастырмақ болды деген айыппен қозғалған іс.