Полигондағы жарылыс
Ресейдің оңтүстік-батысындағы Самара облысы аумағында оқ-дәрі сақталған әскери полигонда жарылыс болып, сол маңға жақын орналасқан Нагорный ауылының 6 мыңға тарта тұрғыны басқа жаққа көшірілді. Облыстың Чапаев әскери депосындағы қоймада болған жарылыстан 30-дан астам адам зардап шеккен. Жарылыс себебі белгісіз.