Египеттегі шабуыл
Маусымның 26-сы күні Египетте билікті қолдайтын «Мұсылман-бауырлар» партиясының штаб-пәтеріне шабуыл жасалды. Ғимарат бүлініп, мүліктері өртенді. Ел президенті Мұхаммед Мурси билікке келгеніне бір жыл толуына орай телеарна арқылы халыққа үндеу жасады. Каирдегі Тахрир алаңына жиналған оппозиция Мурсидің отставкаға кетуін талап етті. Үкімет үлкен қалаларда күзетті күшейтті.