Accessibility links

"Арселор Миттал Теміртау" апат салдарын жоюға кірісті


«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының ғимараты. Көрнекі сурет.
«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының ғимараты. Көрнекі сурет.
"Армелор Миттал Теміртау" компаниясының кокс химиясын өндіретін зауытында 26 маусымда болған болған апаттың салдарын жою жұмыстары жүріп жатыр. Компания баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, сәрсенбіде болған апаттан ешкім зардап шекпеген.

Сәрсенбіде кокс химиясын өндіретін зауыттың биіктігі 90 метр, диаметрі 11 метр темірбетон құбыры қираған еді. Апаттан бірнеше цехтың жұмысы тоқтатылған.

"Апат салдарын жою жоспары жасалып жатыр. Қазір зауытта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр" деді Азаттық тілшісіне "Арселор Миттал Теміртаудың" баспасөз қызметі.

Компания өкілі қалпына келтіру жұмыстары қашан аяқталатынын және зауыт толық қуатында қашан жұмыс істейтінін айта алмады.

"Арселор Миттал Теміртау" компаниясы Қазақстанда болат, көмір және темір өндірумен айналысады. Бұл компанияда кеншілерімен арада келіспеушілік жиі болып тұрады.
XS
SM
MD
LG