Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Көмекбаев ауылының тұрғыны Роза Өрнекбаева шілденің 2-сі күні Байқоңырда "Протон-М" зымыран тасығышы апатқа ұшырағанын теледидардан естіп, тұрғындардың денсаулығына алаңдап отырғанын айтады.
Ол 2005 жылы да ауылдан отыз шақырым жерде "Протон" зымыран тасығышы құлап, "содан бері халықтың денсаулығы нашарлап кеткенін" еске алды.
- Содан бері 8 жылдай өтті. Әлі күнге дейін малдарды сойған кезде ішек-қарындары қап-қара боп шығады. Ұсақ малдарда бауырлары қатып қала ма, сондай ауру бар. Сойғанда бауырлары аппақ боп, жылы суға салғандай боп тұрады. Свежий боп тұрмайды. Ішек-қарындары буылтық-буылтық болып, тазалауға келмей, үзіліп-үзіліп кете береді. Адамдардың да денсаулықтары нашарлады. Қол-аяғы сырқырайтындар көбейді. Аяғы ауыр әйелдердің әлсіздіктері де жиіледі. Бұл тек осы соңғы 7-8 жылда пайда болған нәрсе, - дейді Роза Өрнекбаева.
Оның сөзінше, зымыран тасығыш құлаған жылы сол аймақта кептерлер қырылып, содан бері ауылдарында бірде-бір кептер қалмаған.
«АДАМҒА ЗИЯНЫ ЖОҚ»
Шілденің 2-сі күні Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшып шыға бере құлаған "Протон-М" зымыран тасығышының бортында шамамен 600 тонна улы отын болғаны хабарланды. Ал Байқоңыр тұрғындары жарылыстан соң аспанға сап-сары бұлт көтеріліп, Қызылорда жаққа көшіп кеткенін көрген.
Сәл кешірек "Қазғарыш" ұлттық ғарыш агенттігінің басшысы Талғат Мұсабаев улы отынның көкте жанғанын, ал улы бұлттың елде мекендерге жетпейтінін айтты.
Әзірге экологтар арасында зымыран тасығыштағы улы отын - гептилдің қоршаған ортаға әсері туралы ортақ пікір жоқ.
"Новости-Казахстан" агенттігінің жазуынша, ресейлік "Зеленый патруль" ұйымының директоры Роман Пукалов "Байқоңырда трансшекаралық күйде ауысатын ағын су жоқ, ал жер асты суы тазартылатындықтан адамдарға улы заттың өте аз концентрациясы ғана жететінін" айтқан.
Оның пікірінше, зымыранды ұшырған кезде басталған жауын қауіпті улы бұлтты зарарсыздандыруға көмектескен.
"Зарарсыздандырушы жаңбыр" туралы пікірді қазақстандық эколог та айтып үлгерді. "Табиғат" экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізовтің сөзінше, «Протон - М» зымыраны жерге құлап, өртенбей қалса, онда үлкен экологиялық апат болушы еді. Зымыранның ауада жарылғаны жақсы болды».
Оның пікірінше, шілденің 2-сі күні Байқоңырда жарылған зымыран тасығыштан "Алматы мен Астанаға ешқандай қауіп жоқ, себебі жарылыстан кейін зиянды бұлт түзілген жоқ, зат ірі қалаларға жетпестен ауада тарап кетеді".
«ГЕПТИЛ - ЗИЯНДЫ, АРЗАН ОТЫН»
Гептилдің "ауада тарап кететіні" туралы пікірмен келіспейтіндер де бар. Ондай мамандар бұл заттың әртүрлі формада тарала беру қапі бар екеніне назар аудартады. Азаттық сөйлескен эксперттердің бірі - Алматыдағы физика-химиялық әдістер талдау орталығы зертханасының меңгерушісі Болат Кеңесов.
- Гептил - бірінші дәрежедегі қауіпті зат, органикалық қосынды, сұйықтық. Бұл - өте қауіпті заттардың бірі. Ол сұйық болғанымен өте тез буланып кетеді. Яғни ауаға тез тарайды. Егер жер құрғақ болса, таралуы жылдамдайды. Ол суда тез ериді. Су арқылы да ұзаққа таралып кете береді. Жерге де сіңе береді. Жер асты суына да баруы мүмкін. Егер жер ылғал болса, онда топырақта көбірек қалады. Жақыннан оны иісінен де сезуге болады, - дейді ол.
Кеңесовтің айтуынша, гептилді құрылғымен зерттеп табу өте күрделі. Гептил табиғатқа таралған кезде оңай өзгеріп кете береді.
- Біз оның трансформациядан кейінгі шамамен 50-ден астам түрін таптық . Олардың бәрі де қауіпті. Кейбір бөлігінің қауіптілігі жағынан гептилден айырмашылығы жоқ, - дейді Болат Кеңесов.
Кеңесов сипаттайтын қауіпті элементтерді жерге түсірмеу үшін «Протон-М» зымыран тасығышы апатқа ұшырағанда пайда болған улы газдан түзілген бұлтты ғарыш айлағының аумағынан шығармай ұстап тұру қажет. Кейбір мамандар олай жасаудың мүмкін емес екенін ескертеді.
Циолковский атындағы косманавтика академиясының сарапшысы Юрий Караш шілденің 2-сі күні «Коммерсант» басылымына берген сұхбатында апатты «химиялық шабуылға» теңеген.
"Бұл жайтты бір-ақ сөзбен «сұмдық» деп сипаттауға келеді. Егер расында да Қазақстандағы қоршаған ортаға жүздеген тонна гептил төгілсе, онда мұны елге жасалған «химиялық шабуылға» теңеуге болады" деген Юрий Караш.
Қызылордалық журналист-эколог Айгүл Шалғымбаеваның Азаттыққа айтуынша, әлемде "арзан отын - гептилді қолданатын елдер өте аз".
- Гептил отынын әлемдік тәжірибеде қолданбайды. Өйткені оны құрылғы таба алмайды. Тек бір сағат көлемінде ғана көруге болады. Бірақ оның зардабы 50-100 жылға дейін сақталады. Ауада қандай да бір табиғи құбылыс болса (мысалы, жаңбыр, қар жауса), ол қасиетін күшейтеді. Гептилді ғарыштық бағдарламаларда бізден басқа ешбір ел қолданбайды, - дейді Шалғымбаева.
"Глонасс" спутниктерін ғарышқа шығармақ болған Ресейлік "Протон-М" зымыран тасығышы шілденің 2-і күні Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшып шыққан беті биік көтеріле алмай жарылып кеткен еді. Қазақстан үкіметі бұл апаттың зардабын зерттейтін комиссия құратыны туралы хабарлаған.

Алматы мен Астанаға ешқандай қауіп жоқ, себебі жарылыстан кейін зиянды бұлт түзілген жоқ, зат ірі қалаларға жетпестен ауада тарап кетеді.

Егер расында да Қазақстандағы қоршаған ортаға жүздеген тонна гептил төгілсе, онда мұны елге жасалған «химиялық шабуылға» теңеуге болады.