Украина: полиция бөліміне шабуыл
Украинадағы Врадиевка ауылының мыңға тарта тұрғыны "әйел зорлады" деген күдікті полицейдің босатылғанына наразылық танытты. Олар полиция бөлімшесінің терезесін сындырып, жанғыш сұйықтығы бар бөтелкелер лақтырды. Елдің оңтүстігіндегі Николаев облысындағы 29 жастағы әйелді зорлап, сабап кеткен оқиғаға күдікті үш адам - екі полицей, бір таксист ұсталған еді. Бірақ 1 шілде күні ол полицейлердің бірі тергеуден босап шыққан. Тұрғындар осыған наразы болды. Бұл өңірде былтыр да осыған ұқсас жағдай болған. Ол кезде жасөспірім қызды әлдекімдер зорлап, буындырып өлтіріп, өртеп жіберген. Полиция екі күдіктіні - ата-аналары бұрын басшы қызметте болған азаматтарлы босатып жіберген кезде жұрт жаппай көтерілген.