Accessibility links

"Қазғарыш": "Протон-М" апаты орнындағы гептил мөлшерден көп


"Протон-М" зымыран тасығышының апатқа ұшырау сәті. 2 шілде 2013 жыл.
"Протон-М" зымыран тасығышының апатқа ұшырау сәті. 2 шілде 2013 жыл.
"Протон-М" зымыран тасығышы құлаған аумақта пайда болған шұңқырда гептилмен ластану деңгейі шекті мөлшерден 527 есе артық. Бұл туралы бүгін "Байқоңыр" кешені бойынша жұмысшы комиссияның отырысында "Қазғарыш" ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары Еркін Шаймағамбетов хабарлады.

Оның айтуынша, "қазақстандық мамандар шұңқырға жақын (10 метр) жердің 10-20 сантиметр тереңдігінде гептилмен ластану деңгейі қалыпты мөлшерден 3039 есе артық екенін" растап отыр.

2 шілдеде үш "Глонасс" спутингі тиелген ресейлік "Протон-М" зымыран тасығышы Байқоңырдан ұша бере апатқа ұшырап, жарылып кеткен еді.
XS
SM
MD
LG