Accessibility links

Белсенділер денсаулық сақтау министрін орнынан алуды сұрайды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Қазақстан денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова министр қызметінен кетуі тиіс деп мәлімдеді лейкемия (лейкоз) және С гепатитіне шалдыққан балалардың проблемаларымен айналысатын «Ұлағатты жанұя» қоғамдық қорының президенті Марианна Гурина. Бұл туралы Tengrinews сайты хабарлады.

Осының қарсаңында Астанадағы «Ана мен бала» ұлттық ғылыми орталығында 30-дан астам бала С гепатитіін жұқтырғаны хабарланған.

«Лейкозға шалдыққан балаларда ауруханаға жатқанда гепатит жоқ болса, шығар кезде дертті жұқтырғаны анықталады. Ал дәрігерлердің мұны имунитеттің төмендеуінен деп түсіндіріп, оны қалыпты жағдай деп айтуы барып тұрған сандырақ. Израильде баласын емдеткен аналар керісінше айтады. Бұлай болмауы керек» дейді Гурина.

Ол 2009 жылы Қазақстанда ондаған бала осылайша гепатит жұқтырған кезде сол кездегі денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің мұндай енді қайталанбайды деп уәде бергенімен жарты жылдан соң тағы қайталанғанын еске салды.

Қоғамдық белсенді денсаулық саласындағы жүйелі проблема үшін нақты министр жауап беруі тиіс деп санайды. Гурина қалыптасқан жағдайды баяндап премьер-министр Серік Ахметовке хат әзірлегенін, сонымен бірге мемлекет басшысынан денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекованы қызметінен босатуды сұрап отырғандарын жеткізген.
XS
SM
MD
LG