Биылғы мамыр айында Астанадағы «Ана мен бала» ұлттық ғылыми орталығында лейкемия (лейкоз) ауруынан емделіп жатқан 3 ай мен 16 жас аралығындағы 30 шақты бала гепатит С дертін жұқтырғаны белгілі болған еді. «Ауру қайдан келді? Кімнен жұқты?» деген сұраққа жауап табылмай, оның соңы осы апта бір топ зардап шеккен ата-ананың наразылық акциясына ұласты.
Дәрігерлер балалар бұған дейін осы аурумен ауырып келген десе, ата-аналар дерт орталықтан жұқты деп сенеді. Астана, Қостанай, Павлодар, Өскемен мен Семей өңірлерінен келген ата-аналар балаларының денсаулығына алаңдайды. Азаттық тілшісі орталықтағы наразы ата-аналармен және дәрігерлермен кездесіп қайтты.
«БАЛАЛАР БІР УАҚЫТТА АУЫРДЫ»
Баласының лейкемия ауруына Гепатит С вирусы «жолдан қосылғанын» айтып, дабыл қаққандардың бірі – Роза Келдібаева. Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылының тұрғыны жалғыз басты ана екенін айтады. Төрт баласының үлкені – 14 жастағы Таңшолпан Тұрғазиева ел арасында «аққан» деп айтылатын лейкемия дертіне шалдыққан. Олар Астанадағы «Ана мен бала» орталығында биылғы ақпанның 27-сінен бері жатыр. Осы орталыққа Роза Өскемен қаласында Таңшолпанға лейкемия диагнозы қойылғаннан кейін келген.
Оларға емделу үшін мемлекет тарапынан квота берілген. Содан бері Роза Астанадағы орталықта, қызының қасында жатыр. Оның сөзінше, мұнда келгендеріне 3 ай өткенде Таңшолпанның ағзасынан лейкемиядан бөлек гепатит С ауруы табылады. Дерт 2013 жылғы мамырдың 30-ында жасалған сараптама барысында анықталады. Роза Келдібаева содан екі-ақ күн бұрын жүргізілген сараптама қағазында бала ағзасында аталған аурудың болмағанын айтады. Сол уақытта орталықтың Гематоонкология бөлімінде емделіп жатқан 35 баланың барлығынан гепатит С вирусы анықталады.
- Біз келген ақпан айынан бастап мамырға дейін гепатит С вирусы жайында мәселе болмады. Бәріміздің баламыз кейін бір уақытта ауру болып қалды, - дейді Роза.
Роза сияқты басқа да вирус жұқтырған балалардың ата-аналары өз балаларының бұған дейін гепатит С ауруымен ауырмағанын, бұл дерттің аурудың ағзасы әлсірегенде құйылатын қаннан келуі мүмкін екенін айтады.
КЕЙІН ТҮСКЕН БАЛАЛАРҒА ВИРУС ЖҰҒУ ҚАУПІ
Соңғы уақытта орталықтағы гематоонкология бөліміне тағы да аққан ауруына шалдыққан оншақты бала түскен. Олар да Қазақстанның әр өңірінен осы орталыққа лейкемия ауруынан емделуге келген. Қазір олар мамыр айында гепатит С дертін қосып алған балалармен бірге жатыр. Осы балалардың ата-аналары «Біздің де баламыз дертіне дерт қосып ала ма» деп алаңдайды. Осы аптадағы ата-аналар наразылығына бұлар да үн қосып жатыр.
Орталыққа жуырда 9 жастағы баласын емдетуге келген астаналық Гүлсім Алпысбаева – сондай ата-аналардың бірі. Гүлсім Алпысбаева Азаттық тілшісіне:
- Дәрігерлер «Балаға құйылатын қан тексеруден өткен» дегенді айтады. Гепатит кімнен жұғуы мүмкін деп осындағы кісілердің бәрін тексерді де. Бірақ аурудың нақты қайдан пайда болғанын айта алмай отыр. Біздіңше, бұл құйылатын қан арқылы келіп жатыр. Өткенде басшылық «Гепатит С ауруы ем қабылдаушылардың өзінде бұрыннан бар» деді. Бірақ, біз күнде тексеріліп жүрміз ғой. Бізде ондай ауру болған жоқ. Олардың неліктен бұлай айтқанын білмейміз. Алдағы уақытта біздің де балаларымызға қан құяды. Ал сол кезде олар да ауру болып қалса не болады? - дейді.
«ЛЕЙКОЗБЕН АУЫРАТЫНДАР ГЕПАТИТКЕ БЕЙІМ»
Бұл мәселе жайында Азаттық тілшісіне комментарий берген «Ана мен бала» ұлттық ғылыми орталығының басшысы Тамара Ващенкова вирус жұқтыруға байланысты қалалық санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің тексеру жұмыстарын жүргізіп жатқанын айтты.
- Мәселенің себеп-салдары алдағы бір-екі аптада анықталып қалады. Негізі аққан дертіне шалдыққан балалардың гепатит ауруына бейім болатыны медицина ғылымында дәлелденген. Мәселен, Еуропада лейкемиямен ауыратын балалардың 20 пайызында гепатит С кезігеді. Ал ТМД аумағында бұл көрсеткіш 40 пайызды құрайды. Гепатит ауруының анықталғанына небары 25 жыл ғана болды. Сондықтан ол жайында ғылымға әлі көп нәрсе белгісіз.
Ал гепатитпен ауырып қалған балалар бізге келгенше осы дертті стамотологияға немесе емханаға барған кездерінде жұқтыруы мүмкін. Себебі гепатит С бірден шықпайды. Ол адам бойында беймәлім болып жүреді де, дәрі-дәрмек ішіп, емделе бастағанда, әлсіреген ағзада шыға келеді, - деген уәж айтады Тамара Ващенкова.
Орталық басшысының бұл пікірін естіген Роза Келдібаева бұған дейін өз баласының ешқандай аурухана мен емхана есігін ашып көрмегенін айтады.
- Менің балам осыған дейін не стамотологта, не гинекологта болып көрген жоқ. Дәрігерлердің өздері ауру тұрмыстық жолмен таралмайтынын, тек қан арқылы жұғатынын айтады. Келгелі бері осы орталықтан үш ай бойы шықпаған балам ауруды қайдан тапты?! - дейді ол.
«МИНИСТРЛІК МОЙЫНДАМАЙ ОТЫР»
Денсаулық сақтау саласын қадағалап отыратын қоғамдық белсенділер жас балалардың гепатит дертін жұқтыру оқиғалары бұған дейін де болып келгеніне назар аудартады. «Аман-саулық» қоғамдық қорының төрайымы Бақыт Түменова:
- Гепатит С ауруы қан арқылы ғана тарайды. Ал кінәраттың қай жерден кеткені белгісіз. Мұндай жағдай бұған дейін талай болды. Бірақ денсаулық министірлігі мұны мойындамай келеді, - дейді.
Бақыт Түменованың ойынша, кеткен қателікті біржақты дәрігерлерді кінәлі етіп шығару үшін ғана емес, алдағы уақытта осындай жағайды қайталамау үшін анықтау қажет.
- Онсыз да ауыр дертті балаларға жала жаба бермей, комиссия құрып, мәселенің мән-жайын анықтаған жөн. Негізі, бұл – үлкен қылмыс, - деді ол Азаттыққа.
Ал лейкемия (лейкоз) және С гепатитіне шалдыққан балалардың проблемаларымен айналысатын «Ұлағатты жанұя» қоғамдық қорының президенті Марианна Гурина шілденің 25-і күні Қазақстан денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова министр қызметінен кетуі тиіс деп мәлімдеді.
Жалпы лейкоз ауруына шалдыққан балалардың «гепатит С ауруын жұқтыру» жағдайы бұған дейін де болған. Алматыдағы «Ғылыми педиатрия орталығы және балалар хирургиясы» медициналық мекемесінде 2010 жылы жүзге жуық баланың гепатит С вирусын жұқтырғаны белгілі болған. Ол жолы да дәрігерлер «емделушілер ауруды сырттан жұқтырғанын» мәлімдеген еді. 2011 жылы ата-аналар республикалық қан құю орталығы мен педиатрия орталығын жауапқа тарту туралы сотқа арызданған еді. Алайда Алматыдағы Бостандық ауданының соты арызданушылардың талап-арызын қанағаттандырмай тастаған.

Ауруханаға түскеннен мамырға дейін гепатит С жайында мәселе тумады. Бәріміздің баламыз кейін бір уақытта ауру болып қалды.
Оларға емделу үшін мемлекет тарапынан квота берілген. Содан бері Роза Астанадағы орталықта, қызының қасында жатыр. Оның сөзінше, мұнда келгендеріне 3 ай өткенде Таңшолпанның ағзасынан лейкемиядан бөлек гепатит С ауруы табылады. Дерт 2013 жылғы мамырдың 30-ында жасалған сараптама барысында анықталады. Роза Келдібаева содан екі-ақ күн бұрын жүргізілген сараптама қағазында бала ағзасында аталған аурудың болмағанын айтады. Сол уақытта орталықтың Гематоонкология бөлімінде емделіп жатқан 35 баланың барлығынан гепатит С вирусы анықталады.
- Біз келген ақпан айынан бастап мамырға дейін гепатит С вирусы жайында мәселе болмады. Бәріміздің баламыз кейін бір уақытта ауру болып қалды, - дейді Роза.
Қосымша: АЛМАТЫДА БАЛАЛАРЫ ГЕПАТИТ ЖҰҚТЫРҒАН АТА-АНАЛАР туралы оқыңыз