Accessibility links

Аналар балаларына С гепатитін кім жұқтырғанын дәлелдей алмай жүр


Лабораториялық тексеру. (Көрнекі сурет)
Лабораториялық тексеру. (Көрнекі сурет)

С гепатитін жұқтырған балалардың ата-аналары «қауіпті дерт вирусының жұғуына кінәлі» деп, республикалық қан құю, педиатрия орталықтарын, денсаулық сақтау министрлігін сотқа берді. Ол мекемелер мұны жоққа шығарып отыр.


Екі апта бойы ата-аналардың шағымын қараған Алматы қаласының Бостандық аудандық соты 18 тамыз күні балалар мен олардың ата-аналарының қанына тексеру жүргізу туралы анықтама шығарды. Осылайша сот жауапкер жақтың өтінішін қанағаттандырды.

БӘРІН САРАПТАМА ШЕШЕДІ

Бұл мәселеге қатысты тыңдаулардың тамыздың 5-і күні басталған. Республиканың түкпір-түкпірінен келген шағым беруші 7 ананың айтуынша, Алматыдағы Педиатрия және бала хирургиясы ғылыми
7 ананың айтуынша, Алматыдағы Педиатрия және бала хирургиясы ғылыми орталығында ем қабылдағаннан кейін балаларынан «С гепатиті» вирусы табылған.

орталығында ем қабылдағаннан кейін балаларынан «С гепатиті» вирусы табылған. Бірақ мұны жоққа шығарып отырған ресми орындардың пікірінше, балалар қауіпті дертті кез-келген басқа жерден жұқтырып алуы мүмкін.

Олар осыған дейін соттан балалар мен ата-аналардың қанына тексеріс жүргізуді сұраған болатын.

Заңгер Ғалия Дүйсембаеваның айтуынша, енді іс әрі қарай осы сараптама қорытындысына байланысты өрбімек.

Бірақ шағым беруші жақты тағы бір нәрсе алаңдатып отыр. Олардың айтуынша, 2006-2010 жылдар аралығында гепатитке шалдыққан балалардан ата-аналарының өздері вирус жұқтырып алуы мүмкін. Мұндай жағдайда мәселені ата-аналардың гепатитке қашан шалдыққанын анықтайтын сараптама ғана шеше алады.

– Бірақ бізде оны анықтай алатын сараптамалық зертханалардың жоқ екенін білемін, – дейді заңгер Ғалия Дүйсембаева Азаттық тілшісіне.

«ОРТАЛЫҚҚА ТҮСКЕН КЕЗДЕ ГЕПАТИТКЕ ШАЛДЫҚПАҒАН»

Кішкентайынан Даун және лейкоз дертіне шалдыққан алты жастағы Айбек Имановтың медициналық карточкасында «вирусный гепатит, острое течение» деген жазу кейін пайда болған. Айбек анасы Әлия Имановамен бірге 2010 жылы маусым айынан бастап Алматы қаласындағы Педиатрия
Айбек анасы Әлия Имановамен бірге.

және бала хирургиясы ғылыми орталығында жатып емделген екен. Әлия Иманованың айтуынша, осы кезде Айбекке республикалық қан орталығынан жеткізілген донорлық қан үздіксіз құйылып отырған.

Орталыққа түскен кезде баласынан қауіпті дерттің вирусы табылмағанын айтқан Әлия Иманова одан «қосымша диагноз» алып шыққанын айтады.

– Қаңтар айында бізге қосымша диагноз ретінде «вирусный гепатит, острое течение» деген диагноз қойды. Шынымды айтсам, орталықтан шыққан кезде - 2011 жылдың наурыз айында оның не екенін түсінбедім. Үйге келіп, орталықта жатқан қыздармен, дәрігерлермен сөйлескен кезде бұл диагноздың бұрындары болмағанын түсіндім. Орталықтан шыққан кезде оған қосымша диагноз қойылғанын білдім, – дейді Әлия Иманова.

Оның айтуынша, С гепатиті лейкоздың емделуін баяулатып, химиялық ем қабылдап жатқан балалардың дертін онан сайын ушықтыра түседі. «Ал осының салдарынан көз жұмған балалар лейкоздан қайтыс болған балалар санатына қосылып жатыра» дейді ол.

Әлия Иманова осы сияқты сорақы әрекеттерді тоқтату үшін сотқа арыз түсіргенін айтады.

– Бұл шағым – ең әуелі біздің наразылығымыз, көз жасымыз, дертті жұқтырған балалардың қасіреті мен көз жасы. Көз алдымызда дүниеден
Айбек телефонмен "сөйлесіп" отыр.

өтіп кеткен балалар үшін шағымдандық. Неге балаларымызға жұқтырып жатыр? Біз бұл мәселенің талқыланып, балаларды өлтіруді тоқтатқанын қалаймыз. Бұл 2006 жылдан бері жалғасып келеді. Кінәлі адамдар табылса дейміз, – дейді Әлия Иманова.

Оның айтуынша, өзінен басқа алты ана сотқа шағым түсірген. «Шағым беруші ата-аналар саны күн сайын көбейіп келеді» дейді.

«ТЕКСЕРІСТЕР НӘТИЖЕЛІ БОЛҒАН ЖОҚ»

«Ұлағатты жанұя» қоғамдың қорының президенті Марианна Гуринаның айтуынша, «С гепатиті» дертінен көз жұмған балаларға қатысты статистиканы мемлекет жасырын ұстап отыр. Оның айтуынша, 2009 жылы бұл мәселе көтерілген кезде ресми орындар педиатрия орталығы
«С гепатиті» дертінен көз жұмған балаларға қатысты статистиканы мемлекет жасырын ұстап отыр

мен қан құю орталығын тексерген. «Бірақ өкінішке қарай нәтиже болған жоқ» дейді ол.

– Бұл мәселемен мемлекет ықпал жасап отырған соттың келіскісі келмейтінін білеміз. Бірақ бұл шындық - одан дәрігерлер де, қан құю орталығы да, тіпті судьяның өзі де бұлтара алмайды. Досқалиев айтқандай, балалардың стоматологияда немесе косметикалық кабинетте яки жыныстық жолдар арқылы жұқтыруы мүмкін емес. Жаңадан туылған сәбилерде тіс жоқ. Олардың жыныстық жолдар арқылы жұқтыра алмайтынын да білесіз. Тек қан құю арқылы жұқтырған, – дейді Марианна Гурина.

Біз бұл мәселеге қатысты мекемелерге хабарласып едік, Педиатрия және бала хирургиясы ғылыми орталығының директоры Сәуле Ғалымқызымен ғана тілдесудің сәті келді. «Тек соттан кейін ғана түсініктеме бере алам» деген директор сөз арасында «ата-аналар айыптарының негізсіз екенін» де айтып өтті.

– Бізде қаншама тексерістер болды, прокуратура да, денсаулық сақтау министрлігі де тексерді. Ешқандай заң бұзушылық болған жоқ. Бәрі
Негізі олар бізден бұрын көп ауруханаларда жатып емделген

қалыпты. Ата-аналардың бізде тіпті алғыс хаттары да бар. Негізі олар бізден бұрын көп ауруханаларда жатып емделген, – дейді Сәуле Ғалымқызы.

2010 жылдың аяғында Алматыдағы Педиатрия және бала хирургиясы ғылыми орталығында емделген, лейкозбен ауыратын жүзден астам баладан «С гепатиті» вирусы табылған еді. Ата-аналардың шағымынан кейін осы орталықта тексеріс болып, ақыры балалар ол вирусты «стоматологиялық емханаларда жұқтырды» деген қорытынды жасалған.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG