АҚШ-тың діни бостандық жөніндегі халықаралық комиссиясы (USCIRF) Қазақстанда діни ұстанымына байланысты қамауда отырған екі азаматқа қатысты мәлімдеме таратты.
USCIRF Қазақстан билігін қазіргі кезде «діни араздық тудырды» деген айыппен абақтыда отырған 63 жастағы атеист блогер Александр Харламовты және «адамның денсаулығына ауыр зардап келтірген» деген айыппен 2013 жылы мамыр айында Астанада қамауға алынған «Благодать» шіркеуінің пасторы 66 жастағы Бақытжан Қашқымбаевты дереу босатуға шақырған.
«Бұл екі оқиға, осыдан екі жыл бұрын заңға енгізілген қатаң шектеулермен қоса, Қазақстанның халықаралық беделіне нұқсан келтірді» деген USCIRF төрағасы Роберт П. Джордж. Аталған шектеулерден соң Қазақстанда көптеген азаматтардың діни бостандығы бұзылғанын атап өткен Джордж «Қазақстан енді Орталық Азияда діни сенім еркіндігі жөнінен көшбасшы ел емес» деген.
«Қазақстан президенті Назарбаевтың елінде діни төзімділік орнағаны туралы айтқаны Харламов пен Қашқымбаевқа қатысты шындықпен үйлеспейді. Психиатриялық тексеруден мәжбүрлеп өткізу совет кезінде диссиденттерге қарсы қолданылған нашар әдістерді еске салады. Бұл адамдар дереу босатылып, оларға тағылған айыптар алынуы керек» деп мәлімдеген USCIRF төрағасы Роберт П.Джордж.
Биылғы наурыздан бері қамауда отырған Александр Харламов өткен аптада Шығыс Қазақстандағы Риддер қаласында басталған соттың алғашқы отырысында өзін кінәсіз деп білетінін және атеист екенін мәлімдеген. Қазақстандық құқық қорғаушылар Харламовқа тағылған айыптарды сынап, «саяси астары бар іс» деп атаған еді.
Осы аптада Бақытжан Қашқымбаев Алматыға этаппен жеткізілген. Харламов сияқты оны да психиатриялық ауруханада тексеруден мәжбүрлі түрде өткізеді.