2012 жылы «әлеуметтік араздық қоздырды» деген айып бойынша жеті жарым жылға сотталған оппозициялық саясаткер Владимир Козлов қазір Петропавл қаласындағы ЕС-164/3 колониясында жазасын өтеп жатыр.
Жоғарғы сотқа дейінгі сот инстанциялары Козловты ақтау туралы өтініш айтқан қорғау тарабының арыздарын қанағаттандырмаған еді.
Саясаткердің зайыбы Әлия Тұрысбекова Азаттыққа берген сұхбатында бүгінгі сот жайлы, Владимир Козловтың денсаулығы туралы айтты.
Азаттық: – Бүгінгі сот отырысы қалай өтті?
Әлия Тұрысбекова: – Бүгінгі алдын-ала сот отырысында қадағалау өтінішін судья Моряк Шегеновтің төрағалық етуімен құрамында үш судья бар сот алқасы қарады. Сот төрағасы қорғау тарабы мен прокурордың уәждерін тыңдады. Прокурорлар қадағалау ісін ашуға негіз жоқ екенін айтты. Ал адвокат Венера Сәрсембина Ақтау сотының үкімін, кассациялық инстанция қаулыларын заңсыз деп танып, Козловтың кінәсінің дәлелденбеуіне байланысты оны ақтауды сұраған еді. Сот шамамен 40 минуттай ақылдасып, «қадағалау ісін ашуға еш негіз жоқ» деген шешім шығарды. Қазақстан заңнамасы бойынша бұл – соңғы инстанция. Сондықтан енді БҰҰ-ның адам құқығы комитетіне шағым түсіреміз.
Азаттық: – Бұған дейін Польша парламентінің депутаттары қатыспақ болған кезде тыңдау белгісіз себептермен кейінге қалған еді. Бүгінгі отырысқа кімдер келді?
Әлия Тұрысбекова: – Бүгін Польша сеймі (парламенттің төменгі палатасы) мен Италия сенатының депутаттары болды. Бұған қоса құқық қорғаушылар, Франция, Бельгия, Финляндия, Еуропа Одағы елдерінің дипломатиялық миссия өкілдері де қатысты.
Азаттық: – Заң бойынша еріңізбен жылына неше рет кездесуге рұқсат етілген? Соңғы рет ол кісіні қашан көрдіңіз?
Әлия Тұрысбекова: – Заң бойынша жылына төрт рет ұзақ мерзімді кездесуге, төрт рет қысқа мерзімді кездесуге рұқсат бар. Кездесулер белгіленген кесте бойынша өтіп жатыр. Күйеуімді соңғы рет 23 шілдеде көрдім. Яғни онымен жақында ғана қысқа мерзімді кездесу болды.
Азаттық: – Оның денсаулығы қалай? Бұған дейін интернетте Владимир Козловтың денсаулығының нашарлығы жайлы, оған колонияда қажетті медициналық көмек көрсетілмей отырғаны туралы жазылған еді.
Әлия Тұрысбекова: – Соңғы рет көргенімде белі ауырып жүрді. Остеохондрозы (буын аурулары – ред.) бар болатын. Бұған қоса ми қантамырлары да тарылған. Денсаулығына алаңдап отырған себебіміз – колонияда оған қажетті медициналық көмек көрсетілмейді. Бір-ақ рет оны колониядағы медициналық бөлімнің дәрігері қабылдап, рентгенге түсіру керек депті. Өкінішке қарай, бар мәселе сонымен біткен. Ешкім ештеңе жасамаған.
Азаттық: – Бұған дейін бірқатар құқық қорғаушылар Владимир Козловтың медициналық көмек алуына күш салып жатқанын естіген едік. Бұл да көмек болған жоқ па?
Әлия Тұрысбекова: – Барлығы да күш салып жатыр, бірақ талпыныстарымыз нәтижесіз. Әйтеуір қандай да бір нәтиже болатын шығар деген үміттеміз. Себебі заңда азаматтардың, әсіресе сотталушылардың қажетті медициналық көмек алуға құқығы бар екені жазылған.
Азаттық: – Күйеуіңіз сәлемдемелерді еш кедергісіз алып жатыр ма?
Әлия Тұрысбекова: – Заттарды беруде ешқандай проблема жоқ. Заң бойынша оның жылына алты рет сәлемдеме алуға құқығы бар. Бірақ колонияның белгісіз себептермен цензура енгізуіне байланысты газеттерді берген кезде қиындық болады. Яғни «Правда Қазахстана», «Ассанди таймс», тағы басқа газеттерді жібереміз, бірақ ол Володяға жетпейді.
Азаттық: – 10 тамыз – Владимир Козловтың туған күні. Осыған байланысты Facebook-те Владимир Козловты құттықтау туралы акция басталды. Бұған азаматтар қаншалықты белсенді қатысып жатыр?
Әлия Тұрысбекова: – Facebook-те Володяның атына жазылған көптеген құттықтауларды әріптестері мен серіктері ұйымдастырып отыр. Оған азаматтар белсенді қатысып жатыр. Құттықтаушылар арасында тіпті танымайтын адамдар да бар. Құттықтауларды суретке түсіріп, колонияға жіберіп жатыр.
Азаттық: – Владимир Козлов Мұхтар Әблязовтың ұсталғаны туралы біле ме?
Әлия Тұрысбекова: – Ол жағынан хабарым жоқ. Бірақ білмейтін сияқты. Себебі колония жаңалықтар баяу жететін жер ғой.
Азаттық: – Жақында Владимир Козловтың ресми сайтын көрдік. Сайтты өзіңіз аштыңыз ба?
Әлия Тұрысбекова: – Бұл сайт Володяның поляк достары мен әріптестерінің көмегімен ашылған. Сайт көптен бері жұмыс істеп келеді. Онда Володя туралы деректер, оның күнделіктері, тағы басқа ақпараттар жарияланған.
Азаттық: – Сұхбатыңызға рахмет!