Accessibility links

Ресей елшілігі алдында акция өтті


«Гептилге қарсылық»
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:00:38 0:00
Жүктеп алу

Ресей елшілігі алдындағы наразылық акциясынан видео. Астана, 19 тамыз 2013 жыл. (Видеоны түсірген - Светлана Глушкова).

Астанадағы Ресей елшілігінің алдына барған бір топ белсенді Байқоңыр ғарыш айлағынан ресейлік "Протон" зымыран тасығышын ұшыруды тоқтатуды талап етіп акция өткізді.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, акцияны 2 шілдеде "Протон" зымыраны апатқа ұшырағаннан кейін құрылған "Антигептил" тобының белсенділері өткізген. Олар Ресей елшілігінің өкіліне зымыран ұшыруды тоқтату туралы талаптарын жеткізген.

2 шілде күні ресейлік «Протон-М» зымыран тасығышы Байқоңырдан ұша бере апатқа ұшырап, жарылып кеткен еді. Апат салдарынан Байқоңыр ғарыш айлағы маңы зымыран тасығыштың улы отыны - гептилмен ластанған.

Бұған дейін Алматы, Астана және Орал қалаларында да Ресей елшілігі мен консулдықтары алдында "Протон" зымыран тасығышының ұшырылуына қарсылық акциялары өткен.
XS
SM
MD
LG