Accessibility links

«ВКонтакте»-дегі видео Ресейдегі төзімсіздікті көрсетті


Төрт жігіттің транссексуал әйелге шабуыл жасағанын көрсетететін видеодан скриншот.
Төрт жігіттің транссексуал әйелге шабуыл жасағанын көрсетететін видеодан скриншот.

Ресейлік әлеуметтік желіде төрт жігіттің транссексуалға шабуыл жасаған видеосы жарияланды. Әлеуметтік желіні қолданушылардың біразы жыныстық азшылыққа жасалған кезекті зорлықты қолдады.

Танымал әлеуметтік желі «ВКонтакте» парақшасына салынған үш минуттық клиптің басында әлімжеттік танытушы төрт жігіт құрбандығына не істейтіндерін айтады. Сосын олар әлгі адамды бірнеше рет ұрып-соғып, іш киімін түсіріп, шыны бөтелкеге отырғызбақ болады. Жәбірленуші бөтелкені сындырып қашып бара жатқан кезде төрт жігіт оны қуалай жөнеледі, сонымен видео аяқталады.

ЖАҢА ЗАҢНЫҢ ӘСЕРІ

Адам құқын қорғаушылар жақында Ресейде қабылданған «дәстүрлі емес жыныстық қарым-қатынасты насихаттауға тыйым салу» туралы заң ЛГБТ (лесби, гей, бисексуал, транссексуал) өкілдеріне деген жеккөрінішті арттырып, тіпті оларға зорлық-зомбылық жасауға мүмкіндік берді деп біледі.

Өздерін «Оккупай педофиляй» және «Оккупай геронтофиляй» деп атайтын топтар
Гомофобияға қарсы ұран ұстап тұрған адам. Мәскеу, 25 мамыр 2013 жыл.
Гомофобияға қарсы ұран ұстап тұрған адам. Мәскеу, 25 мамыр 2013 жыл.
гей жігітке жасалған шабуылды қолдап, оларды «реформалау» жолында әрекет ететіндерін айтты.

Cоңғы бейне көріністі түсірген адам әлі белгісіз, ол роликті 12 тамыз күні «ВКонтакте» желісіндегі «Тек көше төбелесі» деген бетке салған. Әлеуметтік желі бетіне 530 мыңдай адам жазылған.

Бейне көрініс ЛГБТ топтары құқығын қорғау мақсатында салынған, бірақ оған байланысты пікір қалдырғандардың көбі шабуыл жасаушыларды қолдайды. Кейбір пікірлерді жариялауға да ыңғайсыз.

Әлеуметтік желіні пайдаланушы Самара тұрғыны Николай Кунцевич «оңбағандарды жоюға» шақырып, «Олар қалағанын жабық бөлмеде істесін. Баламның көшеде бұндайды көргенін қаламаймын» дейді. Кейбіреулер тіпті «құрбандықты одан әрі ұрып-соғу керек еді» деген ниеттерін жазыпты. «Ха-ха, оның қашып кеткені жаман болды» дейді Ирбис Ягуаров. «Оны мүгедек етіп тастау керек еді» дейді Тимурчик Савка.

ЖӘБІРЛЕУШІНІ ҚОЛДАЙТЫНДАР БАСЫМ

Енді біреулер «жапа шегуші шабуылдан соң қалпына келер» деп жазады. «Оның енді гей болуға еш ниеті қалмаған шығар» дейді Андрей Литвинов. «Бұдан соң кәдімгі адам болар үміттенемін» деп жазады Владимир Шамухин.

Бір адам шабуылға қарсы пікір қалдырыпты, бірақ ол «шабуылдағандардың өздері де гей шығар» деп жорамалдайды. «Ересек, дені сау ер адамның әйел
Шеруге шыққан гей-белсенді. Мәскеу, 12 маусым 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Шеруге шыққан гей-белсенді. Мәскеу, 12 маусым 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
көйлегін киіп, өзі сияқтыларды сүйетінін түсінбеймін. Оны ақылынан ауысқан, есі дұрыс емес шығар деп ойлаймын. Бірақ бейне көріністе оған тап берген гомосексуалистердің өз бейнесін ашық көрсеткеніне қызғаныш танытқанын байқаймыз» деп жазады ол.

Видео жарияланғаннан соң үш күннен кейін «ВКонтакте» желісін пайдаланушының бірі құрбандықты ашық қолдай бастады. Ол шабуыл жасаушыларды «жолы болмағандар тобы» деп атады. Бірақ желідегі парақтың администраторы оған қарсы шығып, «Гомосексуалист болғанша, солар сияқты болған жақсы» деп жазады. «Олардан не пайда? Мүмкін, келесі жолы оларға менің аяқ киімім не шашым ұнамайтын шығар?» деп сұрайды желіні қолданушы. Қолданушының суретін көргенін айтқан администратор оған расымен де сырт пішімін өзгертуге кеңес беріп, «сізді де гей ретінде қабылдап, осындай жағдайға тап болмаңыз» деп ескертеді.

«ВКонтакте» әлеуметтік желісі «Оккупай геронтофиляй» қозғалысына қатысты беттерді жаппақ болған еді, бірақ зорлық-зомбылыққа толы видеолар әлеуметтік желіден әлі алынбады. «Тек көше төбелесі» бетіндегі видео да әлі тұр.

Гленн Кейтстің мақаласын ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан.
XS
SM
MD
LG