Журналдың жазуынша, Каролина мен Кристина есімді екі қыздың бас қосуы "Қазақстан тарихында өткен бір жыныстылардың тұңғыш тойы" да болуы мүмкін.
Елде бір жыныстылар некесіне тыйым салынғанын атап өткен автордың жазуынша, екі жұп неке сарайына барып тіркеле алмаған.
БІР СИПАТТЫ ПІКІРЛЕР
Бір жыныстылардың үйлену тойы туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тез таралып, әлі күнге дейін қызу талқыланып жатыр. Қазақ тіліндегі пікірлерден бәлендей алуантүрлілік көрінбейтінін атап өту қажет. Ал орыстілді оқырмандардың арасында қарағандылық жұпты қорғап, төзімдікке шақырған бірді-екілі адам көзге түседі.
Facebook-тегі қазақтілді қолданушылардың басым бөлігі бір жыныстылар некесін айыптап шықты. Олардың ішінде діни мораль тұрғысынан баға беріп жатқандар да бар. Комменттердегі эмоцияларды жиі қолданылған леп белгілері де аңғартады.
Дүйсенбі күні Namys.kz порталы "лесбилердің заңмен жазалануын талап еткені" жайлы Шымкент тұрғынының хатын да жариялады. Әлеуметтік желіде бір жыныстыларды қатаң жазалауды талап еткен осындай сипаттағы пікірлер өте көп.
Мысалы, Айбек Тұрарұлы есімді Facebook қолданушысы ішкі істер органдарының "орамал мен сақалмен айналысқанша" осындай әрекеттермен айналысу керектігін айтқан.
Әлеуметтік желідегі "ең толерантты пікірлер" санатына блогшы Жалғас Ертайдың төмендегі ойын жатқызуға болады.
"Мәссаған. Ату керек, өлтіру керек, қыру-жою керек - сөзім жоқ. Кімді ату, кімнің өлуі керек екендігін ешкім шешпеуі керек, ауызша болса да".
ҰМЫТТЫРУҒА ШАҚЫРУ
Ал Omar Anarbayev есімді қолданушы болса, бұл жаңалықтың халық арасында резонанс тудыруынан қауіптеніп, "тезірек ұмыт болсын" деп тілейді.
"Мыналардікі ресми емес қой. Тамыр басып көріп жатыр. Америка мен Европада да осындай қоғамның қарсы болуының нәтижесінде күшейіп кеткен. Қарсы болғандарды бірден гомофоб деп айыптайды бұлар. Одан кейін халықаралық ұйымдардағы көкелердің алдында бірдеңе деп ақталып көр" деп жазады.
Мейрам Мұқыш есімді қолданушы да жұртты "жарнамаламауға" шақырады.
"Қоғам әсерін тексеру ғой. Саналы қазақ азаматтары әлеуметте осыларды жарнамаламай-ақ қойсақ. Бұлар тура осыны күтті және ойлары орындалды. Көрмегенсіп өтіп кету керек. Бұларға керегі осы шу еді" дейді.
Орыстілді пікір жазушылардың ішінде қарағандылық жұптың шешімін қолдаған некен-саяқ пікірлер табылады. Мысалы chita есімді Vox Populi оқырманы:
"Құдай-ау, мұндағы әртүрлі адамдардың комментарийлерін оқып отырып қоғамымыздың қатып-семіп қалғанын, шектеуде өмір сүретінін көресің. Қыздарда нелерің бар, өмірін сүрсін. Өздерінің хақылары. Жақсы-жаман деп сөгетін кім едіңдер? Жемқорлық жайлаған қоғам мен елді түзету үшін өздерің не істепсіңдер?" деген пікір қалдырыпты.
2011 жылы қабылданған "Неке және отбасы" туралы заңына сәйкес, Қазақстанда бір жыныстылардың некесіне тыйым салынған.
Бұл заң жоба ретінде парламентте талқыланып жатқан кезде жергілікті басылымдар бір жыныстылардың сенат депутаттарына оны заңдастыруды өтініп, ашық хат жазғанын хабарлаған еді.
Ал заң жобасының авторы - әділет министрлігі сол кезде "бұл мәселе тіпті қарастырылмағанын" да мәлімдеп еді.
Бұған дейін Алматыда бір жыныстылар бірнеше мәрте шеру ұйымдастыруға талпыныс жасаған кезде жергілікті билік рұқсат етпеген болатын.