31 тамызда Жамбыл облысында үлкен жол-көлік апатынан 10 адамның мерт болғаны туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады.
Облыстық төтенше қызметтің мәліметі бойынша, жол-көлік апаты сенбі күні таңтертеңгі сағат жетіден асқанда Алматы – Ташкент тас жолының 373-шақырымында болған.
«Setra маркалы автобус пен жүк көлігі соқтығысып, салдарынан 10 адам қайтыс болды. Жедел жәрдем көлігі оқиға болған жерден 34 адамды Тұрар Рысқұлов аудандық ауруханасына жеткізді» деп хабарлаған төтенше жағдайлар қызметі.
Шымкентке бара жатқан автобуста 52 жолаушы болған. Бұл жол-көлік апатына не себеп болғаны айтылмайды.
Бұған дейін жұма күні кешке Алматы облысында болған жол-көлік апатынан тоғыз адамның қаза болғаны хабарланған еді. Оның алдында, 25 тамызда Жамбыл облысының Қордай кенті маңында, Алматы – Ташкент тас жолындағы жол апатынан 10 адам опат болған.
Қазақстанда өткен жылы екі жарым мыңнан астам адам жол-көлік апатынан қазаға ұшыраған.