Биылғы жаңа оқу жылынан бастап республиканың орта мектептерінде 5-сыныпқа – «Өлкетану», 9-сыныпқа – «Алаштану», ал 9-11-сыныптарға – «Абайтану» факультативтік курстары енгізілді. Тиісті бағдарламаны жасаған Ыбырай Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының мамандары бұл курстардың «міндетті емес» екенін атап өтті.
«ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМДІ ОЯТУ»
– «Қазақстан тарихында» осы уақытқа дейін «Алаш» ардагерлерін оқыту өз дәрежесінде болып келген жоқ. Сондықтан осындай курс енгізу арқылы қозғалыс көсемдерін танытып, соның негізінде патриоттық сезімді ояту – басты мақсат, – деді Азаттыққа сұхбат берген академияның вице-президенті Әділхан Дүйсебек.
Оның сөзінше, курстарға арнайы кадр даярлаудың қажеті жоқ, «Абайтану» бойынша жақсы әдебиетші, ал «Алаштану» бойынша кез келген тарихшы дәріс бере алады.
– Курстарды дайындалған бағдарлама негізінде жүргізу ұсынылып отыр. «Абайтанудың» оқулығы бар, ал «Алаштану» курсының оқулығы әзірге дайын емес, – деді Әділхан Дүйсебек.
«Оқулық қашан дайын болуы мүмкін?» деген сауалымызға академия вице-президенті «айта алмаймын» деп жауап берді.
«ЖАҚСЫ ИДЕЯНЫ СУҒА КЕТІРУ»
«Алаш» қозғалысын зерттеуші, тарихшы Тұрсын Жұртбай бұл өзгерісті «үлкен жаңалыққа» балап отыр.
– «Алаштануды» мектеп қабырғасына кіргізудің өзі - үлкен жаңалық. Ал оны жүзеге асыру – ғалымдардың шұғыл міндеті. «Алаштану» бағытында бағдарлама жазуға бізде қазір маман жеткілікті. Мәмбет Қойгелдиев пен Света Смағұлова сияқты ғалымдардың басы біріксе, ол оқулықты жазып шығу қиынға соқпайды, – дейді тарихшы.
Жоғарғы сыныптарға арналған «Қазақстан тарихы» пәніне «Алаш» тарихы тарауын дайындаған тарихшы Мәмбет Қойгелді, академия бағдарламасын құптағанымен, оның оқулығының жоқтығына қынжылысын білдірді.
– Жақсы идеяны суға кетіру бізде оп-оңай. Оқулығы жоқ болса, бағдарламасын талқылаудан өткізбесе керек-ті. Қазақстанда «Алаш» тарихын зерттеп жүрген мамандар көп емес, саусақпен санарлық. Солармен ақылдасуға болады ғой. Факультативтік курс ету – орынды шешім. Ал соның енді дұрыс жүруі үшін ең болмаса бағдарламасын талқылаудан өткізіп, содан кейін оқулық даярлап, оны баспадан шығарып барып курсты енгізуге болады ғой. Ал бұл тұрғыда бізбен ешкім ақылдасқан жоқ, – деді Мәмбет Қойгелді.
Ал Ыбырай Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының вице-президенті Әділхан Дүйсебек тарихшылардың сынын мақұл көреді, бірақ «мектеп баласына академиялық терең зерттеу қажет емес» деп санайды.
– «Алаш» қозғалысының осы уақытқа дейін тарихи тұрғыда толық зерттеліп болмағанын білеміз. Бірақ мектеп баласына ол жан-жақты, терең тарихи зерттеулердің негізінде, ғылыми дәрежеде емес, жалпы таныстыру, ақпарат тұрғысында беріледі. «Қазақстан тарихы» оқулығындағы «Алаш» тарихы жайлы жазылған мағлұматтарды да пайдалануға болады, – дейді академия өкілі.
Тарихшы Мәмбет Қойгелді «Қазақстан тарихы» пәніндегі мағлұмат аздық етеді деп ойлайды.
– Оқулықта «Алаш» қайраткерлерінің өмірбаяны қысқа ғана жазылған. Сондықтан ол өте аз, – деді тарихшы.
«БИЫЛША АЛЫП ТАСТАДЫҚ»
Азаттық тілшісі Алматы қаласындағы 20-дан аса орта мектептеріне хабарласқанымен, олардың екеуі ғана өздерінде «Алаштану» курсы бар екенін айтты. Алматыдағы орта мектептердің бірінің оқу ісі бойынша орынбасары Ардақ Болатқызы:
– «Алаштануды» тарих немесе қазақ тілі пәнінің мұғалімдері жүргізеді деп отырмыз. Қолдарына берілген бағдарлама бойынша өздері де зерттеу институттарына хабарласып жатыр. Әлі қолдарында ешнәрсе жоқ, іздеп таба алмай жатыр. «Абайтануды» тапты, «Алаштану» табылмай жатыр. Негізінен «Алаш» қозғалысының жалпы мағынасын, мүшелерінің кім болғанын түсіндіреміз. Бірақ бағдарлама толық дайын болмағандықтан, басшылық биылша алып тастауды сұрады, – деді.
Азаттық тілшісі хабарласқан Алматыдағы бірнеше орыс тілді мектептің оқу ісіне жауапты өкілдері «Алаштану» факультативтік сабағын оқу жылының басында ашқанымен, оқулық жоқ болғандықтан кейін алып тастағандарын айтты.
20-ғасырдың басында бір топ қазақ интеллигенті құрған «Алаш» партиясы сол жылдардағы ресейлік Кадеттер партиясын одақтас көріп, қазақ ортасында либерализм идеяларын насихаттаған болатын. Түгелге жуық сталиндік қуғын-сүргін құрбанына айналған партия жетекшілері патшалық Ресейге қарайтын қазақтар қоныстанған территорияларды Алаш автономиясына біріктіруді мақсат тұтқан. Белгілі тарихшы Оливьер Руа «Алашты» Орталық Азиядағы алғашқы кәсіби партия деп сипаттайды. Пост-советтік Қазақстанда «Алаш» партиясын зерттеуге шектеу қойылмаса да, бұл саяси ұйымға қатысты іс-шаралар ұлттық деңгейде аталып өткен емес.