Accessibility links

Вашингтондағы оқиғада бір әйел қаза тапты


Вашингтондағы атыс
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:01:28 0:00

Капитолий маңында болған төтенше оқиға. Вашингтон, 3 қазан 2013 жыл.

АҚШ-тың Вашингтон полициясы 3 қазан күні кешке Ақ үй маңындағы қоршауды көлігімен қағып, полиция соңына түскен соң Конгресс ғимаратына қарай қашқан әйелді атып өлтіргенін хабарлады. Көлік Капитолий маңына жеткенде полиция жүргізуші әйелге оқ атқан.

Полицияның хабарлауынша, Вашингтонның орталығында болған бұл оқиғаның терроризммен байланысы жоқ. Көлікте болған 1 жастағы бала зардап шекпеген. Оқиға кезінде Ақ үй мен Капитолийдің қауіпсіздік қызметінің екі офицері жарақаттанған.

Полиция төтенше оқиға тексеріліп жатқанын айтып, қаза тапқан әйел туралы ақпарат беруден бас тартты. Бірақ бейресми ақпараттар оның Коннектикут штатының 34 жастағы тұрғыны екенін айтады.

Ақ үй мен Капитолий төтенше оқиға кезінде уақытша жабылып, қайта ашылды.
XS
SM
MD
LG