Вашингтондағы атыс
АҚШ-тың Вашингтон полициясы 3 қазан күні кешке Ақ үй маңындағы қоршауды көлігімен қағып, полиция соңына түскен соң Конгресс ғимаратына қарай қашқан әйелді Капитолий маңында атып өлтірді. Полицияның хабарлауынша, Вашингтонның орталығында болған бұл оқиғаның терроризммен байланысы жоқ. Көлікте болған 1 жастағы бала зардап шекпеген. Оқиға кезінде Ақ үй мен Капитолийдің қауіпсіздік қызметінің екі офицері жарақаттанған. (Alhurra арнасының видеосы)