Топтап бюллетень салу
Видеода Әзербайжанның Шамкир қаласында адамдардың сайлау жәшігіне топтап бюллетень салғаны көрінеді. Видео бүгін әлеуметтік желіге жарияланған жерінен алынды. Бүгін, 9 қазан, Әзербайжанда президент сайлауы өтіп жатыр. Жұрт Ильхам Әлиевтің жеңетініне күмәнданбайды. Халықаралық ұйымдар мен оппозиция Әлиевті "жемқор", "адам құқықтары мен сөз бостандығын шектейді" деп айыптайды. Бұған дейін Әзербайжанда өткен барлық сайлауды ЕҚЫҰ "ашық емес" деп бағалаған. Қазақстанда 2012 жылы 15 қаңтарда өткен парламент сайлауы кезінде Азаттық тілшісі топтап бюллетень салу әрекетінің --> http://www.azattyq.org/content/kazakhstan_election_ballot-rigging/24501498.html үстінен түскен еді.