«1937» көрмесі
25 қазанда Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайында «1937: Еске алу алаңы / Жоқтау» көрмесі ашылды. Ұйымдастырушылар «көрменің мақсаты арт-өнерпаздар шығармалары арқылы саяси қуғын-сүргін табиғатын, оның қазіргі қоғамға әсерін түсіну» дейді. Олардың айтуынша, «Сталиндік қуғын-сүргін - үлкен қасірет, оны тек Холокостпен және геноцидпен салыстыруға болады». (Видео авторы - Мәншүк Асаутай).