Accessibility links

Туыстары видеодан «жиһадшының балаларын» таныды


Туысы "Сириядағы жиһадшы 150 қазақ" туралы видеодағы бұл баланы "Аты - Әбілқайыр, жасы - 6-да" деп сипаттады.
Туысы "Сириядағы жиһадшы 150 қазақ" туралы видеодағы бұл баланы "Аты - Әбілқайыр, жасы - 6-да" деп сипаттады.

«Сириядағы жиһадшы топ» ретінде көрсетілген видеоға түскен жас балалардың екеуін таныған туыстары, олардың әке-шешелері «Дубайға емделуге кеткен» дейді.

Қазанның ортасында YouTube желісінде «Сирияға қоныс аударған қазақстандық жиһадшы топ» атты видео жарияланып, бірнеше ер адам қазақ және орыс тілдерінде «дін жолында хижра қылғандарын» айтып, кішкентай балалар Құран аяттары мен өлең оқыған еді.

Азаттыққа сол балалардың екеуін танып қалған жақын туысы хабарласты. Аты-жөнін жарияламауды өтінген туысының ақпараты бойынша, клиптегі балалардың ішінде Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Жетісай қаласының тұрғыны Мадина Мырзаханованың сегіз жастағы Дінмұхамед және алты жастағы Әбілқайыр атты ұлдары бар.

– Қызғылт футболка киіп, балалар арасында отырғаны – Дінмұхаммед те, Құран оқып отырған бала – Әбілқайыр, – деді ол.

Туысы Мадина Мырзаханованың Нұрлан есімді күйеуімен бірге жарты жылдай уақыт бұрын «Дубайға емделуге кеткенін» айтады. Оның сөзінше, Мадина
"Сириядағы жиһадшы 150 қазақ" туралы видеода көрінетін, қызыл шеңбермен оқшаулап көрсеткен баланы туысы "Аты - Дінмұхамед, жасы - 8-де" деп сипаттады.
"Сириядағы жиһадшы 150 қазақ" туралы видеода көрінетін, қызыл шеңбермен оқшаулап көрсеткен баланы туысы "Аты - Дінмұхамед, жасы - 8-де" деп сипаттады.
Мырзаханованың 10 жасар Салтанат есімді үлкен қызы да сол ортада отырған болуы тиіс. Бірақ ол видеода көрінбейді.

– Өздеріңіз қарасаңыздар, қыздардың көбі оранып алған. Мүмкін Салтанат сол қыздардың арасында отырған болуы мүмкін, – деп топшылайды ол.

Сұхбаттасымыздың айтуынша, Дубайға кетерінің алдында Мадина Мырзаханова омыртқасы ауыратынын айтып, Алматыда операция жасатамыз деп пәтер жалдап біраз тұрған. Кейін Дубайда емдететін болып шешкен.

– Алғашында күйеуі Нұрланның өзі сол жаққа барып келіп жүрген. Кейіннен бүкіл отбасын да шақырып алды. Содан бері хабар-ошарсыз кетті. Соңғы рет әке-шешесіне хабарласқан кезде «Арабияда жүрміз, вахталық тәсілмен жұмыс істеп жүрміз» деп айтқан, – дейді ол.

Туысының айтуынша, Нұрлан Алматыда көлік сатумен айналысып, Германия мен Дубайға барып келіп жүрген.

– Оның өзгергені шамамен екі жыл бұрын байқалды. Намаз оқып, дінге бет бұра бастады. Әйеліне де күштеп оқытқызды. Алғашында әйелі оқығысы келмеген. «Оқымасаң, ажырасып, намаз оқитын басқа әйел аламын» деп қорқытқан. Содан соң Мадина да оқи бастағанға ұқсайды. Бала-шағасына да оқытқыза бастады, – дейді ол.

Сұхбат беруші туысының айтуынша, Мадина бала-шағасымен Дубайға Астанадан ұшып кеткен. Ал күйеуі Нұрланның қалай кеткенінен хабарсыз. Ол
"Сирияға жиһадқа барған 150 қазақ" екенін айтқан адамдар. (YouTube видеосынан скриншот)
"Сирияға жиһадқа барған 150 қазақ" екенін айтқан адамдар. (YouTube видеосынан скриншот)
бүкіл туыстарының YouTube-те видео жарияланғаннан бері қатты күйзеліп отырғанын, әсіресе, үш баланың тағдырына қатты алаңдаулы екенін айтты.

Азаттық тілшісі Нұрланның туысы – Жетісайдағы Мая есімді әйелмен телефон арқылы сөйлескенде ол:

– Нұрлан жайында ештеңе айтқым келмейді, – деп сөйлесуден бас тартты.

Қазанның 15-і күні YouTube желісінде Toran Wahood есімді қолданушы «Сирияға қоныс аударған ондаған жиһадшы қазақстандық» туралы видео жариялаған еді. Қазақстанның ҰҚК бұл видеоны «Сириядан тыс жерде де жасалуы мүмкін үгіт-насихат материалы» деп сипаттап, клиптегі азаматтардың кім екенін анықтап жатқанын хабарлаған. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі видеода көрсетілген адамдардың «Қазақстан азаматтары екенін растайтын, не жоққа шығаратын мәлімет жоқ» екенін мәлімдеген болатын.

Азаттық видеоклипке түскен бірнеше қазақстандықтың тұлғасын анықтаған. Олардың ішінде ақмолалық Аманжол Жансеңгіров пен жезқазғандық Мақсат Аймаханов бар.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG