Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың қызы Гүлнара Каримова жақын серігі Рустам Мадумаровтың қамалғанын хабарлады. Twitter-дегі жазбасында Каримова "Қазір "Нирвана" музыкалық заттар дүкенінің иесі "аса қауіпті қылмыскер" Рустам Мадумаровты ұстады" дейді. Ол бұдан өзге ақпарат бермеген.
Рустам Мадумаров өткен айда полиция оның Ташкенттегі дүкеніне тексеру жасағаннан кейін жоғалып кеткен еді.
Ал Өзбекстанның Үкіметтік емес телеарна желісі (Nongovernmental Television Network немесе NTT) бұған дейін Азаттықтың Өзбек қызметіне осы медиахолдингтің басшысы, Каримованың тағы бір серігі Фирдаус Абдухолиқовтың қайда екені белгісіз екенін хабарлаған еді. NTT өкілі Каримова бақылайтын бес телеарна лицензиясынан айрылғанын, медиахолдингке қатысты "қаржылық алаяқтық жасады" деген айыппен тексеру басталғанын хабарлаған.
Өткен аптада Өзбекстан бас прокуратурасы Гүлнара Каримованың бұрынғы серігі Нұрмұхаммед Садықовтың жоғалып кетуіне байланысты қылмыстық іс қозғаған еді. Ресми орган тергеу қаржы жымқыру және қызмет бабын асыра пайдалануға қатысты жүргізіліп жатқанын мәлімдеген.