Accessibility links

Киевтегі наразылық


Киевтегі наразылық
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:16 0:00

Украина астанасындағы Тәуелсіздік алаңына жүздеген адам жиналып, Еуропа одағымен ассоциация туралы келісім жасасудан бас тартқан үкімет шешіміне наразылық білдірді. Билік бұл қадамын «Ресей және Кеден одағына мүше елдермен, ТМД-мен экономикалық байланыстарды дамыту қажеттілігімен» түсіндірген. ЕО-ның сыртқы саясат жөніндегі комиссары Кэтрин Эштон Киевтің шешімі «Еуропа одағы үшін ғана емес, украин халқы үшін де күтпеген жағдай болды деп ойлаймыз» деп мәлімдеді. Украинаның оппозициялық «УДАР» партиясының жетекшісі Виталий Кличко «президент Виктор Янукович Еуропа алдындағы беделінен айырылды» деп сынады. 21 қараша 2013 жыл.

XS
SM
MD
LG